Атырау, 25 қараша 15:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарулы топ «Фенербахче» клубының ойыншыларына шабуыл жасады (ФОТО)

1 749 просмотра

Түркиялық «Фенербахче» футбол командасының ойыншылары мінген автобусқа қарулы топ шабуыл жасады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Оқиға сенбі күні Ризе провинциясында футболшылар мінген автобус Трабзон қаласындағы әуежайға бара жатқанда болған. Мұның алдында стамбулдық «Фенербахче» мен жергілікті «Ризеспор» арасында матч өтіп, қонақтар 5:1 есебімен жеңіске жеткен.

Шабуыл кезінде автобус жүргізушісі жараланып, ауруханаға жеткізілді. Алдын-ала деректерге сүйенсек, футболшылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

«Фенербахче» клубы – 1899 жылы құрылған Түркияның ең көне клубтарының бірі. Соңғы уақытта бұл команданы қырсық шалып жүр. 2012 жылы Чемпиондар лигасынан шығып қалды, кейіннен клубты Түркияның ең төменгі дивизионына ауыстыру туралы әңгімелер өрбіді. Бұдан бөлек, 2012-2013 жылдардағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен әрі аса алмады.

Дереккөз: bnews.kz

6 сәуір 2015, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.