Атырау, 28 қараша 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Салып ал да, иелен

1 266 просмотра

3006 сәуірде қалалық мәслихатытң кезектен тыс 33-ші сессиясында бір мәселе – аукционға шығарылатын қоғамдық мақсаттағы 46 жер телімінің тізімін бекіту мәселесі қаралды.

Жеңіс саябағында, Жилгородок пен Алмагүл ықшамаудандарының бағында , Смағұлов атындағы бульварда және Привокзальныйдағы «Арбатта» 29 телім аттракциондар мен батуттарға арналған. Қалғандары Атырау – Дамбы жолының бойындағы Зарослый поселкесінде орналасқан және коммерциялық мақсаттағы нысандарды салуға арналған.

Қалалық әкімдіктің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы Серік НЫСАНБАЕВТЫҢ айтуынша, Жер кодексіндегі өзгерістерге сәйкес енді бүкіл қоғамдық мақсаттағы жерлер аукцион арқылы жүзеге асырылатын болады. Аукцион жеңімпазы жерді тек уақытша пайдалануға алады. Аттракционшылар үшін бұл «уақытша» мәртебе өзгермейді, ал жер құрылыс үшін берілген жағдайда басқаша. Кәсіпкер алдымен нысанды белгіленген мерзімде салуы тиіс, осыдан кейін ғана жерді тұрақты пайдалануға мемлекеттік актіні рәсімдеуге құқық алады.

Қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ депутаттарға жер қатынастары бөліміне «жерді алып, қоршау орнатып немесе іргетасын құйып, содан соң ұзақ уақыт бойына құрылыс салмайтын» селқос құрылысшылардан жерді алып қоюдың құқықтық механизмін жасауға тапсырма бергенін мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 сәуір 2015, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.