Атырау, 25 қараша 16:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия Twitter, Facebook және Youtube-ті бұғаулады

1 151 просмотра

Image 0Әсіре солшыл "Революциялық халықтық азат ету майданы партиясы" қозғалысының мүшесі делінген адам прокурор Мехмет Селим Кираздың басына тапанша кезеп тұр. Стамбул, 31 наурыз 2015 жыл.Түркия Twitter, Facebook және Youtube желілерін бұғаулады. Билік әзірге бұғаулаға қатысты түсінік берген жоқ. Бірақ Hurriyet басылымының хабарлауынша, интернет провайдерлеріне сайттарды бұғаулау туралы нұсқау прокуратурадан түскен.

Бірқатар ақпарат құралдары өткен аптада интернетте Стамбулдағы құқық сарайында әсіре солшыл "Революциялық халықтық азат ету майданы партиясы" қозғалысы мүшелері кепілге алған прокурордың суреті жарияланғаннан кейін-ақ аталған сайттардың бұғауланғанын айтады. Құқық сарайын басып алу операциясы кезінде прокурор басынан оқ тиіп жараланып, кейін ауруханада қаза тапты.

Түркия 2014 жылдың наурызында жергілікті органдарға сайлау кезінде интернетке сол кезде премьер-министр болған қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған үкіметіндегі кейбір шенеуніктердің коррупциялық әрекеттерін әшкереледі делінген аудиожазбалар жарияланып кеткен соң Twitter мен Youtube-ті уақытша бұғаулаған. Түркия билігінің бұл әрекеті қоғамда наразылық тудырып, халықаралық қауымдастықтың сынына ұшыраған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

7 сәуір 2015, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.