A320 ұшағының екінші "қара жәшігіндегі" мәлімет Лубитцтің апатты қасақана жасағанын растады, - деп хабарлайды BFMTV Әуе апаттарын тергеу жөніндегі бюроның (ВЕА) сарапшылары шығарған қорытындыға сілтеме жасап.
Борттағы өздігінен жазатын аппаратын ұшу кезіндегі техникалық мәліметті сақтайды. "Қара жәшік" бейсенбі күні табылып, сол күні Париж түбіндегі ВЕА орналасқан Руасси қаласына жеткізілген болатын. Өздігінен жазатын бірінші құрылғы лайнердің апатқа ұшыраған күнінде табылған еді.
Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Тергеу кезінде ұшқыш Андрес Лубитцтің жұмыс берушіден көзінің нашар көретінін жасырып келгені белгілі болды. "Қазіргі уақытта біз үшін басты мотивтердің бірі - оның денсаулығына байланысты жұмысынан айырылып қалудан қорқуы", - деді зерттеушілердің бірі.
Дереккөз: Tengrinews.kz