Атырау, 13 мамыр 15:22
 ашықВ Атырау +23
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Батыс Қазақстанда автобус аударылып, 4 адам қаза тапты

1 532 просмотра

Image 0Батыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы екеуі ауыр халде жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6 сәуірде таңғы сағат 5:30-да Алғабас ауылының жанындағы Сырым ауданында ішінде 64 жолаушысы бар жолаушылар автобусы аударылды.

«Алдын-ала мәліметке сәйкес, 16 адам түрлі жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді, 2 адам ауыр халде жатыр. Оқиға орнынан 4 адамның мәйіті табылды», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматова.

Сырым тас жолындағы апат куәгерлерінің айтуынша, барлық қаза болғандар мен жарақаттанғандар – Шымкенттен Мәскеуге бара жатқан Өзбекстан азаматтары.

Дереккөз: bnews.kz


6 сәуір 2015, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.