
Үндістанның Пенджаб штатында полиция велосипед спортынан қазақстандық бапкер, 34 жастағы Мақсат Аязбаевқа іздеу салды. Ол кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Криминальный Казахстан».
Үндістанның құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық іс 18 қыркүйекте қозғалған. Оқиға 13 қыркүйекте Патиала қаласындағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде болған.
Төлқұжатын алып қойып, елден шығуына тыйым салды
Шағым тіркелген сәтте бапкер Делидегі оқу-жаттығу жиынында болғаны хабарланды. Жедел топ ұстауға келгенде Аязбаев орнында болмай шыққан.
Маманға қатысты оның елден шығуына жол бермейтін арнайы циркуляр (Look Out Circular) шығарылды. Жергілікті баспасөздің ақпаратынша, қазақстандықтың төлқұжаты алынып, оны іздеу үшін Делиде және оған іргелес аумақтарда рейд жүргізіп жатқан арнайы полиция топтары құрылды.
Спорт федерацияларының реакциясы
Мақсат Аязбаев велосипед спортынан Үндістан құрамасын Жапонияда өтетін алдағы Азия ойындарына бастап баруы тиіс еді. Енді тергеу басталғаннан кейін:
оның сапарға шығу рұқсаты жойылды;
Үндістанның Велоспорт федерациясы маманды ресми түрде жұмыстан шеттетіп, материалдарды ішкі тексеруге жіберді.
Жәбірленуші кәмелетке толмаған спортшы қажетті медициналық тексеруден өтті. Оған психологиялық және құқықтық көмек көрсетілуде. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.
В Атырау +17.9