Атырау, 23 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Әскери арулар байқауы

5 480 просмотра

Image 0

Биыл Қазақстанда алғаш рет тек әскери әйелдер қатысатын «Батыр арулар» байқауы өтеді. Сарбаз киімін киген арулар арасында атыраулықтар да бар.

Біздің қаламыздың намысын қорғайтын қатысушылардың арасында 41433 әскери бөлімінің жасақтау қызметінің жауапты орындаушысы, ефрейтор Эльвира АЯЗБАЕВА бар. Жерлесіміздің әдемілігі өз алдына, ол «Әскери барлаудағы қызметі үшін» медалімен марапатталған.

- Әскери адам болуды балалық шағымнан бері армандайтынмын, - дейді Эльвира. – Ағам әскери қызметкер еді, ол біздің үйге қонаққа келгенде үстіндегі әскери киімнен көз алмайтынмын.

Image 1

Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден аса әскери әйел байқауға қатысуға өтінім беріпті. Жеңімпаз Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми сайтында дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Дауыс беру 1 сәуірде басталып, 10 мамырда аяқталады. Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша 12 ару 2016 жылға арналған «Батыр арулар» арнайы күнтізбесінің бетінен орын алады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттер Э.Аязбаеваның жеке мұрағатынан алынды

6 сәуір 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.