
ҚР Президентінің Жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Нұрмұханов Бақыт Маратұлы Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары болып тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы туған. Жоғары заң білімі бар, заң ғылымдарының кандидаты.
2003–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, сарапшыдан бөлім басшысына дейінгі жолдан өтті;
2017–2022 жылдары — ҚР Конституциялық Кеңесінің судьясы лауазымын атқарды;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — Президент Жарлығымен жаңартылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалды.
В Атырау +17.9