Атырау, 27 қараша 03:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алматы әкімдігін «басып алған» ер адам бес жылға сотталды

1 231 просмотра

Image 0

Алматының №2 Бостандық ауданының сотында осы жылдың 13 қаңтарында қалалық әкімдіктің ғимаратын «басып алған» ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz.

№2 Бостандық ауданы сотында ҚР ҚК 273 бабы – террорлық акті туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша айыпталған Евгений Рычковқа қатысты үкім шықты.

Естеріңізге салып өтсек, 2015 жылдың 13 қаңтарында сағат 11:27-де ер адам қалалық әкімдіктегі кабинеттердің бірінде есікті іштен бекітіп алып, шықпаған. Рычковтың қолында жарылғышқа ұқсас зат салынған сөмке болыпты. Азаматтарды қабылдау кабинетіне кіріп алып, шықпай қойған ол күзетшіге қызметкерлер тез арада ғимараттан шығарылсын деген. Қаскөй сөмкесінде тротил бар екенін айтып, қорқытқан. Полиция қызметкерлері жүргізген келіссөздердің нәтижесінде сағат 13:35-те ол ғимараттан өз еркімен шықты.

«Жаза таға йындау кезінде сот бұдан бұрын Іле аудандық сотының 2014 жылғы 21 қаңтарда Рычковқа қатысты шығарған үкімін назарға алған. Сот үкімімен Е.Рычков бес жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол жазасын жалпы режимді түзеу колониясында өтейді», - деп мәлім етті Алматы қалалық соты бапасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешімет.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: bnews.kz

7 сәуір 2015, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.