Атырау, 28 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Барлық жаңалықтар

Жемқор тергеушіге үкім шықты Басқа жаңалықтар

Жемқор тергеушіге үкім шықты

Атырау облысы Индер аудандық соты пара алды деп айыпталған полиция офицеріне үкім шығарды. АІІБ аға тергеушісі А.Б. аудан тұрғыны Н.А.-ның бұзақы баласына қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін одан 60 мың теңге талап еткен. 25 қазан 2017, 10:04 2 672 просмотра
Мұратхан Тоқмади банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады  Қазақстанда

Мұратхан Тоқмади банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

Сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди сенсациялық мәлімдеме жасады. КТК телеарнасы дайындаған "Звали его Мурка" атты фильмнің екінші бөлімінде ол банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады.  Бейнежазба 25 қазан 2017, 09:46 3 199 просмотра
Украинада ұсталған блогер Жанар Ахмет 18 күнге қамалды Қазақстанда

Украинада ұсталған блогер Жанар Ахмет 18 күнге қамалды

Украинаның Киев-Святошинский соты қазақстандық блогер Жанар Ахметті 18 күнге қамады деп хабарлады блогердің адвокаты Владислав Грищенкоға сілтеме жасаған украиналық Hromadske агенттігі. Hromadske Жанар Ахмет сот шешімі жарияланған соң аштық жариялап, сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Биыл көктемде Қазақстаннан Украинаға қашып барып, осы елден саяси баспана сұраған Жанар Ахмет 21 қазан күні Киев түбінде ұсталған. 25 қазан 2017, 09:58 1 619 просмотра
Ердоған: Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек Әлемде

Ердоған: Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Анкарада Еуропаға қатысты жасаған мәлімдемесі бірқатар шетелдік басылымдардың атышулы тақырыптарына айналды. Ол өз сөзінде: "Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек" деген болатын. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  24 қазан 2017, 16:28 1 789 просмотра
Бишімбаев адвокаттары: Коррупцияға қарсы бюро тергеу құпиясын өзі бұзды Қазақстанда

Бишімбаев адвокаттары: Коррупцияға қарсы бюро тергеу құпиясын өзі бұзды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, пара алу күдігіне ілінген Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылордадағы әйнек зауыты құрылысын салу кезіндегі қаржы жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу аясында мемлекетке "1,2 миллиард теңге көлемінде шығын өтелді" деген мәлімдемесін терістеді. 24 қазан 2017, 16:14 1 883 просмотра
Қазақстан Қырғызстаннан 100 миллион доллар көмектен бас тартқаны туралы хат алды Қазақстанда

Қазақстан Қырғызстаннан 100 миллион доллар көмектен бас тартқаны туралы хат алды

Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  24 қазан 2017, 15:03 2 447 просмотра
Шпекбаев: Коррупцияға іліккен шенеуніктерден 5 миллиард теңге өндірілді Қазақстанда

Шпекбаев: Коррупцияға іліккен шенеуніктерден 5 миллиард теңге өндірілді

Соңғы бірнеше жылда жемқорлықпен ұсталған ірі шенеуніктер мемлекетке бес миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарды деп мәлімдеді Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Алик Шпекбаев. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ол Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ұйымдастырған коррупцияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтты. "Коррупция - әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы" деп аталатын шараға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар қатысты. 24 қазан 2017, 14:49 2 549 просмотра
Қазақстанда ЕАЭО-да "шеттен қант импорттау тыйымына" қарсы шықты Қазақстанда

Қазақстанда ЕАЭО-да "шеттен қант импорттау тыйымына" қарсы шықты

Қазақстандық кондитерлер ассоциациясы мен алкогольсіз сусындар ассоциациясы Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аумағында қантты одақтан тыс елдерден импорттауға тыйым салу ұсынысына қарсы шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы сейсенбіде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қос ассоциация өкілдері мәлімдеді. 24 қазан 2017, 12:03 1 243 просмотра
Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс – 2 Басқа жаңалықтар

Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс – 2

Тасымалдаушылардың жыл сайынғы табысы олардың өздерінің айтқан сомасынан 3 млрд теңгеге артық – бұл туралы «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту тұжырымдамасының» авторы, техника ғылымдарының докторы, Қазақ автокөлік-жол академиясының профессоры Жұмажан ЖАҢБЫРОВ мәлімдеді. 24 қазан 2017, 12:00 4 003 просмотра
Катар азаматтары Қазақстаннан 29 сұңқарды алып шықпақ болған  Қазақстанда

Катар азаматтары Қазақстаннан 29 сұңқарды алып шықпақ болған

Қазақстандық шекарашылар 29 сұңқар құсын елден алып шықпақ болған катарлықтардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  24 қазан 2017, 11:49 3 461 просмотра
Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды  Қазақстанда

Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды

Тараздағы қандастар елден қуылмайды. Көші-қон қызметі арқылы тіркеуге тұрып, кейін ықтияр хаттары жарамсыз деп танылған, Қытайдан келген 251 қазақ құжаттарын қайта рәсімдеп жатыр. Себебі, былықты құзырлы мекеме өкілдерінің өздері жасағаны расталып, ата жұртты аңсап келгендер елден шығарылмайтын болды. Сөйтіп, олар заңды түрде Қазақстанның кез-келген өңіріне уақытша және тұрақты тіркеуге тұруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды КТК арнасы.  24 қазан 2017, 09:56 1 850 просмотра
Назарбаев әуежайын жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген Қазақстанда

Назарбаев әуежайын жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген

Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы жолаушылар терминалын жөндеу жұмыстарына (қосымша) 2017 жылы Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.  24 қазан 2017, 09:42 1 975 просмотра
Қайсарлықтар қонақжайлық танытпады Спорт

Қайсарлықтар қонақжайлық танытпады

22 қазанда «Атырау» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездесті. Турнир кестесіндегі көрші командалар матч басында сүреңсіз ойын көрсетті, доп екі командада да тұрақтамай, көбіне алаң ортасында жүрді. 23 қазан 2017, 17:26 2 962 просмотра
"Жұмыс жүріп жатқандай..., бірақ балық жоқ" Басқа жаңалықтар

"Жұмыс жүріп жатқандай..., бірақ балық жоқ"

Халықаралық экспедиция ғалымдары Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерін зерттеудің нәтижесінде жағымсыз қорытындыға келді: олардың аумағы 82 пайызға кеміген. Неге олай болды, соңы неге әкеледі деген сұрақтарға Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (КазНИИРХ) Атырау филиалының аға ғылыми қызметкері Елена БОКОВА жауап берді. Сурет 23 қазан 2017, 16:56 3 719 просмотра
Қырғыз шекара қызметі: Қазақстанмен шекарадан өту әлі де қиын Әлемде

Қырғыз шекара қызметі: Қазақстанмен шекарадан өту әлі де қиын

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тексеру және өткізу бекетінен азаматтар мен көліктердің өтуі әлі қиын. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, "Ақ-Жол" және "Ақ-Тілек" бекеттерінде кезек бар, "Чалдовар" және "Чоң-Капка" бекеттерінде кезек байқалмайды. 23 қазан 2017, 16:00 2 481 просмотра
"Сирия демократиялық күштері" Әл-Омар кенішін басып алды Әлемде

"Сирия демократиялық күштері" Әл-Омар кенішін басып алды

Сирия демократиялық күштері АҚШ-тың көмегімен Дейр әл-Зор провинциясындағы Әл-Омар кенішін басып алды. Бұл кенішті осыған дейін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы бақылаған. Associated Press агенттігі мұны Сирия аумағындағы ең ірі мұнай кеніші деп атайды. 23 қазан 2017, 15:57 1 726 просмотра
Испания Каталония билігін өз қолына алады Әлемде

Испания Каталония билігін өз қолына алады

Испания Каталония басшысы Карлес Пуджемонт пен оның серіктестерін қызметінен босатып, жаңадан сайлау өткізеді. Осыдан бұрын қолданылмаған Конституция тармағы іс жүзінде қолға алынып, Орталық билік өзін-өзі басқару құқығына ие автономиялық аймақтың билігін өз қолына алады. Испанияның алдағы аптаға жоспары мен жергілікті халықтың қарсылық шаралары туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.  23 қазан 2017, 15:52 1 517 просмотра