Атырау, 6 қазан 19:39
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

«Негізгі мемлекеттік институттар толығымен жаңартылады»: Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайтынын мәлімдеді

617 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесуде мәлімдеді.

«Қазан айында Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жариялап, онда алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Негізгі саяси өзгерістер туралы айта келе, Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның қабылданғанын, Құрылтай сайлауының өткенін, вице-президенттің тағайындалғанын, Үкімет құрамының жаңартылғанын және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылғанын еске салды.

Президент жақын арада Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілетінін, сондай-ақ Конституциялық соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалатынын айтты. Тоқаевтың сөзінше, осы қадамдардан кейін елдің негізгі мемлекеттік институттары толықтай жаңартылады.

11 қыркүйек, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.