Атырау, 6 қазан 19:39
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

​Санжар Боқаевтың қылмыстық ісі сотқа жолданды

642 рет қаралды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына жолданды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Іс материалдарының сотқа түскені туралы қорғалушының адвокаты Радмир Өтепов хабарлады. Алғашқы сот отырысының өтетін күні әлі белгіленген жоқ.

Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың наурызында Алматыда ұсталған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, белсенді ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады, сондай-ақ ағаштарды заңсыз отауды ұйымдастырды деп күдіктеліп отыр.

11 қыркүйек, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.