Атырау, 22 желтоқсан 10:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қандай аурулардан қайтыс болған?

2 523 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтар қандай ілеспе аурулардан қайтыс болып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл ақпарат әлі жаңарған жоқ. 20 шілдеде коронавирустан емес, басқа аурулардан көз жұмған 319 тұрғын болды, бірақ олардың ағзасында инфекция болған. Жүрек-қан тамырлары ауруынан науқастардың 68 пайызы, онкологиядан 4,7 пайызы, жүйке жүйесіне байланысты аурулардан 3 пайызы қайтыс болды. 319 адамның бір пайызы ауыр жарақаттардан көз жұмды", - деді Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирустан 1415 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 218 адам қайтыс болды.

17 тамыз 2020, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.