Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

2 780 рет қаралды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы - Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.  2014-2017 жылдары - "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.

2017-2018 жылдары - "Астана - жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

17 тамыз 2020, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.