Атырау, 20 мамыр 07:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Баланы кәстрөлге батырып өлтірген зейнеткер сотталды

2 571 просмотра

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша соты Қарасу ауданындағы Октябрьский аулының 65 жастағы тұрғыны Николай Андреевке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Наша газета"

Зейнеткер 17 наурызда өзімен бірге тұратын келіншектің немересін 40 литрлік кәстрөлге батырып өлтірді деген күдікке ілінген. 

Оқиға күдікті өзінің азаматтық жары Татьяна Рассахацкаямен бірге тұратын Андреевтің үйінде болған. Соңғы рет Рассахацкаяға жеңгесі Зоя Полищук екі немересімен келген. Ересектер ішімдік ішіп отырған кезде балалар ойнап жүрген. Сәлден кейін Полищук басқа бөлмеге демалу үшін барған, артынша Татьяна Рассахацкая дүкеннен тағы бір ішімдік алып келуге кеткен. 

Өздігінен ойнап отырған балалар Андреевтің ашуына тиген. Сөйтіп немересін алып, қылғындыра бастаған. Бала жылап, қашып кеткен. Максим есімді бала абайсызда ішімдікті төгіп алған, сөйтіп Андреев оған тап берген. Алдымен ұрып, сосын үйден су толтырылған 40 литрлік кәстрөлді алып шыққан. Азаматтық әйелі дүкеннен келген кезде бала өлі табылған.   

Күдікті сотта кінәсін мойындайтынын, алайда оны аңдамай істегенін айтқан. Ресми мәлімет бойынша, Андреев азаматтық жары немерелеріне көп уақыт бөледі деп қызғанған. 

17 тамызда үкім шығару кезінде судья мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, Андреевке қауіпсіздік колониясында 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ ішімдіктен туындаған психикалық салдарға байланысты мәжбүрлі түрде емдеуді тағайындады. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

18 тамыз 2020, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.