Атырау, 20 мамыр 03:49
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті

3 342 просмотра

Нұрсұлтан Назарбаев 24 тамызда Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді, деп хабарлады партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 24 тамызында Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды.

"Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 24 тамызында Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Бюро мүшелері 18 наурызда өтетін партияның саяси кеңесі отырысының күн тәртібін талқылады. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы коронавирус инфекциясына байланысты кейінге қалдырылды.

Nur Otan праймеризіне қатысуға үміткерлерді ұсыну және тіркеу 17 тамыздан 28 тамызға дейін жүргізіледі. Алғашқы бірнеше сағат ішінде партияішілік іріктеуге қатысуға 500-ге жуық адам ниет білдірді. Праймеризге қатысуға өтінішті "Праймериз" ақпарат жүйесінің сайты арқылы онлайн беруге болады, сондай-ақ, аумақтық ұйымдастыру комитеттерінде жүргізіледі.

Саяси кеңес бюросы – партияның басқарушы органы. Ол съездер мен саяси кеңес отырыстары арасындағы кезеңде партияның жұмысын басқарады, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, бюро партия тізіміне енгізілген мәжіліс депутаты болуға кандидаттардың арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды, партияның саяси кеңесінің отырыстарын шақырады.

Сонымен қатар саяси кеңес бюросы мәжілісте депутаттық фракция құрады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

17 тамыз 2020, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.