Атырау, 11 қыркүйек 20:14
 дождьВ Атырау +21.1
$ 450.79
€ 524.13
₽ 5.31

Атырауда 1968 жылдан бері қызмет еткен құбырлар ауыстырылды

74 рет қаралды

«Атырау жылу жүйелері» ЖШС өткен жылғы жаңғырту жұмыстарының қорытындысын жариялады. Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері жылу инфрақұрылымын жаңарту барысымен танысты.

Инвестициялық бағдарлама мен күрделі жөндеу аясында 12 шақырым 270 метр жылу желісі толық ауыстырылып, жүйенің тозу деңгейі 2,5 пайызға төмендетілді.

Негізгі учаскелер:

  • ТЭЦ-ВАСО аумағы: 1,8 км құбыр диаметрі 500 мм-ден 800 мм-ге дейін кеңейтілді.

  • Баймұханов көшесі: ЖД-3 жылу пункті маңындағы 980 метрлік желі толық ауыстырылды.

  • Сәтпаев даңғылы: сорғы станциясынан шыққан 700 метрлік желі жаңартылып, ТК-3 және ТК-22 маңындағы құбырлар 400 мм-ден 500 мм-ге дейін кеңейтілді.

Сонымен қатар, энергия үнемдеу шаралары жүргізіліп, сорғы агрегаттары жаңартылды. Жөндеу жұмыстарын жеделдету үшін автокран, арнайы көліктер және дәнекерлеу жабдықтары сатып алынуда.

«Жыл сайын орта есеппен 12–15 шақырым желіні жаңартамыз. Бірақ жағдайды түбегейлі өзгерту үшін жылына кемінде 40 шақырым ауыстыру қажет», — деді кәсіпорын директоры Әлібек Темірғалиев.

Қоғамдық кеңес мүшелері жарты ғасырдан бері пайдаланылып келген құбырлардың ауыстырылуы алдағы жылыту маусымында қала тұрғындарын тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгін, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.