Атырау, 11 қыркүйек 23:19
 дождьВ Атырау +20.1
$ 450.79
€ 524.13
₽ 5.31

​ҰҚК Ақтаудағы полиция подполковнигіне қатысты тергеуді растады

24 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Сүйін Курмантаевқа қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның танысына 520 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткені туралы ақпарат тараған еді.

Kazinform редакциясы ҰҚК-ға ресми сауал жолдап, ақша беру фактісі мен полицейдің ұсталған-ұсталмағанын нақтылауды сұраған. Ведомство тек тергеудің басталғанын растады.

«Алдын ала тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-тармағына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», — деп мәлімдеді ҰҚК.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы мен полицейдің процессуалдық мәртебесі туралы қосымша деректер жарияланған жоқ.

Бүгін, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.