
Қазақстанда келешегі бар климаттық жобаларды жүзеге асыруға 4 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бағытталуы мүмкін. «Жасыл» технологияларды енгізу және халықаралық қаржыландыру мәселелерін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (IGTIC) өкілдері БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (UNEP) және ЮНИДО сарапшыларымен Баку климаттық іс-қимылдар апталығында талқылады.
Кездесулер аясында тараптар бірден бірнеше стратегиялық бағытты қарастырды:
- Метан шығарындыларымен күрес: ауыл шаруашылығында, оның ішінде мал шаруашылығында метан шығарындыларын азайту жөніндегі жоба шеңберінде грантқа өтінім беріліп қойды.
- Технологиялық жоспар: Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп жүзеге асырылатын технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA) жобасының соңғы компоненті бойынша жұмыстар аяқталуда.
- Орман-климаттық жобалар: Париж келісімі шеңберінде экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша консультациялар басталды.
- Инвестициялық платформа: Жасыл климаттық қор мен ЮНИДО-ның қолдауымен ұлттық климаттық платформа құрылуда, ол эко-инвестициялар тартуды үйлестіруге және Орталық Азия елдерімен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік береді.
Ұлттық платформаны құру IGTIC пен ЮНИДО-ның (GCIP) үш жылдық бірлескен жобасының жалғасы болады және «жасыл» акселерацияның өңірлік хабын қалыптастыруға жол ашады.
В Атырау +21.1