Атырау, 21 желтоқсан 11:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Жол бірден салынған жоқ

– Біз «Мұнайшы» бағбандар қоғамының массивінде тұрамыз. Бірнеше ай бұрын бұл жерде жолды кеңейткен еді. Содан бері жолды кесіп өту, балаларды айтпағанда, ересектер үшін өте қауіпті болып кетті. Жаяу жүргіншілер өткелін неліктен жасамаған? 18 желтоқсан 2014, 00:00 2 256 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Фирмаңызды қалай атайсыз...

– Фирманың атын өзгертуге байланысты ЖШС-ні қайта тіркеу туралы Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бердім. Белгіленген мерзімде құжатымды алуға келгенде әділет департаментінен «ЖШС-ні мемлекеттік қайта тіркеу мерзіміне үзіліс жариялау туралы» бұйрық алдым. Өйткені, бұл жаңа атау басқа заңды тұлғаның қолданысында екен. Енді заңды тұлға үшін қандай да болмасын басқа атау бос па, жоқ па, тексеру үшін қайда жүгінген жөн?  18 желтоқсан 2014, 00:00 2 161 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тұзақ-бағдаршам

– Жилгородок-Авангард көпіріне жақын жердегі, екі қабатты үйлердің маңындағы Әуезов көшесіндегі бағдаршамның жұмысы тым өзгеше. Жасыл түс сары түске жыпылықтамастан қосылады, сары түс тек қас-қағым сәтке ғана жанып, сол мезет қызыл түске ауысады. Бұл көлік жүргізу процесін қиындатады.  11 желтоқсан 2014, 00:00 2 586 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жолдағы қарауылдар

– ІІБ басшылығы жол полицейлерінің әкімшілік полиция болып құрылуына байланысты қала бойынша автокөліктерде тұрақты түрде патруль жасап, «олжалы» жерлерде (№30 мектеп жанындағы көпір астында, Дина Нұрпейісова атындағы МС жанындағы бағдаршамнан кейін және т.б.) кезекшілік етуді тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеді.  11 желтоқсан 2014, 00:00 2 177 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қызметтің болмауы есеп беруді жоймайды

– Мен пәтерімді жалға беріп, бәрі заңды түрде болу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Өткен жылы пәтерді жалға бермейтін болып, ресми түрде ЖК қызметін уақытша тоқтаттым. Жылжымайтын мүлікті жалға беру патенті бойынша ЖК қызметін тоқтатқан уақыттан бастап қандай есептемелер мен салықтарды қандай мерзімде тапсыру керек?  27 қараша 2014, 00:00 2 241 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келе де, кете де алмайды

– Қарқынды салынып жатқан Нұрсая мен Жерұйық ықшам-аудандарында тұрғын үй массивтерінен бөлек жеке балабақшалар мен ірі оқу орындары: APEC Petrotechnic пен Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан. Оқушылар таңертеңгілік сабаққа әрең жетеді, ал 19.30-дан кейін үйлеріне кете алмайды. Өйткені, мұндай уақытта №30а және №4 маршруттар бойынша автобустар жүрмейді. Күндізгі уақытта автобустар арасындағы ара қашықтық бір сағат және одан көп уақытты құрайды. Оның үстіне маршрутқа тиесілі мөлшерден екі есе көп адамдар мінетін шағын автобустар мен «Газельдер» қызмет көрсетеді.  Нұрсая ықшамауданындағы қоғамдық көлікке қатысты проблема қашан шешіледі? 20 қараша 2014, 00:00 2 036 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ауқымды емес

– БАҚ-тарда Өзбекстан шабақтардың азығы мен суалып жатқан Арал теңізінің ауқымды тұзды алқаптарында құрылған косметологиялық өнеркәсіп үшін шикізат ретінде қолданылатын микроскопиялық үшкөзді шаян - артемия жұмыртқасын өнеркәсіптік дайындауды жолға қойды деген ақпарат шыққан еді. Облысымызда да сор жерлер жеткілікті. Ендеше тиімді өндірісті неліктен жолға қоймасқа? 20 қараша 2014, 00:00 2 049 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүгедектің мүддесі

– Ұлым туа бітті жүйке сырқатымен ауырады, ІІ топ мүгедегі. Психологиялық диспансер есебінде тұр. 3 бөлмелі пәтеріміз бар, жекешелендіру келісімшарты 4 адамға, соның ішінде ұлыма да рәсімделген. Қызыма бір бөлігін беру үшін пәтерді қалай ауыстыруға немесе сатуға болады? Нотариус алдымен ұлымның жағдайын анықтап, соттан құжат алу керектігін айтады. Айтыңыздаршы, қайда барғаным жөн? Менің сотқа қатысу үшін адвокат жалдауға мүмкіндігім жоқ. 13 қараша 2014, 00:00 2 287 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ескек есу спортына қолдау қажет

– Балаларымыз каноэ мен байдарка есу секциясына барады. Бізге спортшылардың қандай жағдайда жаттығатынын көру өте ауыр. Қайықтар 14 жылдан бері жаңартылмаған. Қалалық спорт комитетіндегілер жазда жаңа байдаркалар алуға уәде берді, бірақ оларды ешкім де сатып алған жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Андрей САФАРЯН балалар үшін өз қаржысына байдаркалар сатып алды. Спорт комитеті де спортшылардың сайысқа бару сапарларын құлықсыз қаржыландырады. Жаттықтырушыға бұл ақшаны әрең алуына тура келеді. Жазда балаларымыз Орал қаласына сайысқа барып, бүкіл дерлік жүлделі орындарды алып қайтты. 13 қараша 2014, 00:00 2 350 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лицейдің қандай айырмашылығы бар?

– Жақында біз жанында №16 мектеп орналасқан үйге көшіп бардық. Ұлымызды осы мектепке ауыстырғымыз келген. Бірақ бізге №16 мектептің лицей екенін, ол жерге емтихансыз қабылданбайтынын айтып, бас тартты. №31 және №20 мектепке қатысты да осындай жағдай. Осы гимназиялар мен лицейлердің қарапайым мектептерден айырмашылығын түсіне алмаймын. Оларға бұл мәртебені кім береді? Гимназиялар мен лицейлерге қандай талаптар қойылады? Менің пікірімше, еш айырмашылық жоқ. Жұмыс істейтін де сол мұғалімдер, сабақтар да бірдей оқулықтармен оқытылады. 6 қараша 2014, 00:00 8 748 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Баспана бабы

- «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне» 18 жастан бастап салымшы болып, тұрғын үй кезегіне тұруға бола ма? Егер мұндай бағдарлама болса, оның талаптары қандай? Қандай құжаттар жинау керек? Оларды қайда тапсыру керек? 30 қазан 2014, 00:00 5 251 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түбіртек неге бермейді?

– Офтальмологиялық ауруханада анағұрлым қымбат операцияны жасауға мәжбүрледі, бірақ түбіртегін берген жоқ. Катарактаны тігісті сылу және катарактаны лазермен сылып тастау қанша тұратынын білгім келеді және неліктен түбіртек бермейді? 23 қазан 2014, 00:00 2 262 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ескі шот бойынша

- «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен» хат алдым, менің банкте есеп-шотым бар екен. Мен бұл шотты 2008 жылы ашқанмын, бірақ оған ақша салуға жағдайым болмады да, бос шот болған соң жабылып қалған шығар деп ойлағанмын. Енді ол шотпен не істей аламын? 16 қазан 2014, 00:00 2 157 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түтінмен тыныстап отырмыз

– Біздің отбасымыз Ескі әуежай маңында тұрады. Аптасына 2-3 рет қоқыс орны жақтан ащы түтін келеді. Сәбиіміз осы улы түтінмен дем алса болды, жөтеліп, алқына бастайды. Анамның түн болса, басы ауырып, лоқсиды. Сәбиімнің жөтелден булыққанына төзе алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, оған көмектесуге дәрменсізбін. Біздің басқа қалаға кетіп қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізді улауды қашан доғарар екен? 9 қазан 2014, 00:00 1 907 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қысым себеп емес

– Мен шағын компанияға басшылық етемін. Жеке емханада өткізілген медициналық тексеру барысында үш қызметкеріміздің (екі жүргізуші мен тазалаушы) жоғарғы артериалдық қысымы бар екені анықталды. Осыған байланысты кадрлар бөлімінен бұл қызметкерлердің мекенжай  бойынша емханадан анықтама алып келуге тиіс екендігі, ал егер бұл анықтамалар болмаса, қызметкерлерді жұмыстан шығару керектігі туралы хабарлама алдым. Кадрлар бөлімінің талаптары заңды ма? 2 қазан 2014, 00:00 2 325 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дресс-код бойынша сап түзе!

–Мен ірі кәсіпорында жұмыс істеймін. Басшылық қызметкерлерден дресс-код сақтауды талап етеді. Яғни, ер адамдар футболка мен джинсы шалбардың орнына классикалық шалбар мен жейде, ал әйелдер – кеңсе киімін киюі керек. Цех жұмысшылары өздеріне берілетін арнайы киіммен жүруге тиіс. Мұндай талаптар әдетте қандай құжатта жазылған? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 514 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сақтандыру медицинасы

– Жеке стоматологиялық емханалардың бірінде ауру тісімнің орнына сау тісімді жұлып тастады. Менің наразылығыма дәрігер қайда шағымдансаң да өзің біл деді, ал емхана меңгерушісі менен қашқақтап жүр. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгінуге болады? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 398 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пластиктен алынатын ақша

– Шетелге демалуға бармақпын. Өзіммен бірге қолма-қол ақшаны көбірек алғым келмей тұр, бірақ ақшаға мұқтаж болып қалғым да келмейді. Кез келген елде проблема болмас үшін өзіммен бірге қандай кәртішкені алған жөн? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 119 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ереже бойынша ажырасу

– Атырауда ажырасқаннан кейін өзімнің туған қалам – Қостанайға оралдым. Ажырасқан соң фамилиямды өзгертпей, бұрынғы күйеуімнің фамилиясын қалдырдым. Ажырасу туралы куәлікті алмаған едім. Біраз уақыт өткен соң екінші мәрте тұрмысқа шықтым. Сол кезде некені тіркеу кезінде ажырасу туралы куәлік қажет болды, ал ол менде жоқ еді. Біздің АХАЖ-дың қызметкерлері Атырау АХАЖ-ына сұраныс жасап, менің және бұрынғы жұбайым екеуміздің арамызда неке бұзылғандығы жөнінде актілік жазба бар екендігі туралы анықтаманы алды. Осы анықтаманың негізінде менің екінші күйеуіммен некем кедергісіз тіркелді. Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің фамилиясын алдым. Енді маған бірінші некемнің бұзылғандығы туралы куәлік қажет болып отыр. Бірақ мен қазір оны ала алмаймын, өйткені, менің фамилиям басқа. Не істеймін? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 681 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ардагерлерге - кепілдіктер

– Менің бауырым, ауған соғысының ардагері, ірі компанияда жұмыс жасайды. Есеп бөлімі одан табыс салығын ұстап, еңбекке жарамсыздық бетшесін төмендетілген тариф бойынша – жалақының 20 пайызын төлейді. Басқа ауған ардагерлері өздерінің салықтан босатылғанын және оларға еңбекке жарамсыздық бетшесін толықтай төлейтіндігін растап отыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 3 077 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жарық уақытша берілді

– Биылғы жылдың мамырында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша Привокзальныйдағы алты қабатты Берғалиев, 71 және 73-үйдегі пәтерлерге қоныстандырды. Бірақ бұл үйлерде әлі күнге дейін жарық та, газ бен ыстық су да жоқ. Сондықтан біз көше алмай отырмыз. Кілтті тапсырған күні жарық болған еді, содан кейін ажыратып тастады... 24 шілде 2014, 00:00 1 705 рет қаралды