Атырау, 21 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

​Төлқұжат Ақтөбеден алынады

- Мен 2016 жылдың 11 қаңтарында төлқұжат пен жеке бас куәлігімді қайта шығартуға өтініш берген едім. Заңда жазылған күнтізбелік 30 күннен асты, бірақ менің құжаттарым әлі дайын емес. ХҚКО-дағылар 8 желтоқсанда өтінім бергендердің құжаттарды енді ғана алып жатқанын айтады. Адамдар құжаттарын қайта ресімдеуге берген кезде оларды дер кезінде алуға үміттенеді. Кешіктірілгендігі үшін кім жауап береді? Өз құжатымды кімнен талап ете аламын? 3 наурыз 2016, 00:00 2 420 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Лоджия үшін төлемақы алынбайды

– Біздің үйді жылумен қамтуды ПИК автономды қазандықтың көмегімен жүзеге асырады. Жақында ПИК-тің лоджияны қосқанда, жалпы алаң бойынша жылу үшін төлемақы алатындығын байқадым. Алайда лоджия алаңы жылытылмайды. Пайдалану қызметі үшін шоттарды да жалпы алаң бойынша алады. Мұның қаншалықты заңды екенін білгім келеді. 3 наурыз 2016, 00:00 2 527 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жастарға арналған баспана

- Жолдасымыз екеуміздің жасымыз 21-де, баламыз бар. «Жас Отау» бағдарламасы бойынша облысымызда жас отбасыларға үй тапсырудың қашан жүзеге асатынын білгіміз келеді. Аталған бағдарлама бойынша үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар жинақтау керек? 11 ақпан 2016, 00:00 4 124 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​ПИК-ке қандай шара бар?

– Біздің ПИК шатырды жөндеуге ақша жинады, бірақ оны дұрыс жасамаған. Шифер шұрқ-тесік. Көп жылдан бері алғаш рет төбемізде көгерген жерлер пайда болды. ПИК-ке шағымданғанымызбен, түк шықпады. Енді ПИК-ті жауапкершілікке шақырғым келеді. Шағымдар мен арыздарды қайда жазу керек? 28 қаңтар 2016, 00:00 2 760 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Міне, жаңа бұрылыс

– Геолог поселкесі бағытындағы жолдарды кеңейткеннен кейін Атырау – Доссор тас жолындағы бөлу сызығын не себепті тұтас сызған? Осылайша, тас жолдан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу мүмкін болмай қалды. Бұл ықшамаудан тұрғындарына көп қолайсыздық туғызады. Тас жолдың бойымен әрірек жүріп, Контейнерный көшесімен қиылыстан бұрылыс жасау керек. Ал бұл жерде Геолог пен Қарабатан жақтан машиналар көп жүреді. 21 қаңтар 2016, 00:00 2 743 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Күреліп, көшірілу керек

– 2014 жылдың сәуірінде Атырау қаласында 2014-2020 жылдары жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі облыстық бағдарлама бекітілді. Осы құжатқа байланысты біздің жатақхана 2015 жылы күрелуі тиіс болды. Бірақ күрелмеді. 2016 жылы не күтуге болады? 21 қаңтар 2016, 00:00 3 374 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Баршаға арналған БКМ

– Желтоқсанда Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында онлайн-мәліметтер тарату қызметі бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдануға қатысты өткен жиналыста өз сатылымдарын онлайн-режимде тіркеуге міндетті кәсіпорындардың тізімі әлі бекітілмегендігі хабарлаған еді. Бұл тізім бекітілді ме және оған сұлулық салондары кіре ме? 21 қаңтар 2016, 00:00 2 392 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Куәлікті АХАТ береді

- Мен 1985-1990 жылдар аралығында Семей ет-сүт өнеркәсібі институтында оқыдым. Бүгінгі күні Атырау қаласында тұрып жатырмын. Таяуда сол жылдары Семейде бірге оқыған тараздық курстасым Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат ретінде жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік алды. Досымның айтуынша, ол бұл куәлікке ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» қаулысы негізінде қол жеткізген. Сол жылдарда Семейде оқығандықтан ондай құжат маған да тиесілі ме? 17 желтоқсан 2015, 00:00 3 482 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлік орны үшін күрес

– Жақында Saray Lounge мейрамханасының әкімшілігі «Мейрамханаға келушілерге арналған көлік қоятын орын» деген жол белгісін орнатып, өздеріне осылайша орын иемденіп алыпты. Азаттық даңғылында бұрынғы Петровский зауытының маңында көлік тұратын жерге қатысты үнемі проблемалар болатын. Енді ол жермен өту тіптен қиындап кетті. Мейрамхана әкімшілігінің әрекеті қаншалықты заңды? 3 желтоқсан 2015, 00:00 2 396 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бағдаршам керек

- Күн сайын біз Нұрсая ықшамауданына қарай Әбілқайыр хан даңғылына өтуге және шығуға қатысты проблемаларға тап боламыз. Осы жерде үнемі көлік апаттары орын алады. Аталмыш қиылысқа бағдаршам қашан орнатылады? Әкімшілік полиция аталмыш қиылыстың артындағы даңғылда орналасқан жылдамдық өлшегішті қала орталығы бағытына шамамен жиырма метрдей жерге ауыстыруды қарастыра ма? 3 желтоқсан 2015, 00:00 2 361 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есептегіш тексеруді қажет етеді

– Әлдебір заң құжатының негізінде Атырау-Жарық бақылаушылары неліктен қала тұрғындарына ыстық сумен қамту есептегіштерін ауыстыру және тексеру қажеттілігі туралы актілер жазып береді? Бұл есептегіштер жылу есептегіш аспаптарына жатпайды ғой. Олар тұтынылған су мөлшерін өлшейді, ал бұл басқа мекеменің қызметі. 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 425 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Машиналар көтерілісі

– Биылғы жылдың қазанынан бастап бүкіл кәсіпкерлерде онлайн-режимде мәліметтер жолдау қызметі бар кассалық аппарат болуы тиіс деп әлденеше рет хабарланды. Бұл аппараттар болуы міндетті емес кәсіпкерлер санаты бар ма? 29 қазан 2015, 00:00 2 550 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жылы болды деп айта салады

- Үшінші жыл қатарынан жылуды бірінші қазаннан бері қосып жүр, алайда ереже бойынша 15 қазанда қосуы керек. Пәтердегі батареялар жылымайды. Ал жылуды уақытынан бұрын қосқаны үшін бізді 2-2,5 мың теңге артық төлеуге мәжбүрлейді. Жылуды ерте берудің не қажеттілігі болды? 29 қазан 2015, 00:00 3 031 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тұрғын үй жәрдемақысы

- Менің апам ІІІ топ мүгедегі, Вокзал маңы ықшамауданында тұрады. Денсаулығына байланысты бірнеше жылдан бері сыртқа шықпайды, жалғыз тұрады және тұрғын үй жәрдемақысын алады. Біз, оның туыстары, оны ресімдеуге көмектесеміз: тоқсан сайын құжат жинап, барлық қажетті қағаздарды ХҚКО-ға тапсырамыз. 29 қазан 2015, 00:00 2 958 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Портал өзгертілмейді

- 2014 жылдың қарашасында мен ХҚКО-ға балабақшадан орын алуға өтініш бердім. Біз тұратын Алмагүл 1 ықшамауданында ашылған балабақша деректер базасында жоқ екеніне сілтеме жасаған маман өтініште басқа балабақшаны көрсетуді сұрады. Кейіннен өтінішімді кері жазып, керек балабақшаның атын жазуға болатынын айтты. 29 қазан 2015, 00:00 2 654 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өткелдегі қиындық

- Привокзальныйдағы темір жол өткелінің маңындағы Мұнайшы аумағы тұсында «Жүргіншілер өткелі» белгісі қойылды. Бірақ «зебра» жоқ. Сондықтан да Атырау – Доссор трассасындағы көліктер жол белгісіне жақындағанда жылдамдықтарын төмендетпейді. Сонымен қатар, осы өткелдің қасына Мұнайшы ықшамауданына кіретін жол салды, нәтижесінде осы жерде жол апаттары көп болады. Осы жерге қашан бағдаршам салады екен. Өткен жылы саламыз деп сөз берген, биыл салына ма екен? 22 қазан 2015, 00:00 2 770 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сотқа кіру қиын

- Атырау облыстық сотына кіреберісте полиция қызметкерлері сөмкемізді тексеріп, ұялы телефондарымызды арнайы жәшіктерге тастап кетуімізді талап етеді, алайда неге екені белгісіз, бұл ережелер адвокаттар, сот приставтары және прокурорларға қолданылмайды, олар телефондарымен бірге кіріп, сот отырысы залында да пайдалана береді. Егер сот қызметкері мұны барлық азаматтардан бірдей талап ете алмаса, бұл ереже неге керек? Менің ойымша, біз телефон камерасына бір нәрселер түсіріп, интернетке салып жібереді деп қорқатын сияқты. Егер судьялар судьялық этиканы ұстанатын болса, неден қорқады? 22 қазан 2015, 00:00 3 403 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әжемнің менен басқа ешкімі жоқ

- Жақында маған әскери бөлімнен шақырту қағазы келді, алайда, мен қазір әжеммен бірге тұрамын, ол кісіге қарайласамын. Әжемнің менен басқа ешкімі жоқ. Мен шақыртуды кейінге ығыстыра аламын ба немесе әскер қатарына шақыртудан босатылуға бола ма? 22 қазан 2015, 00:00 2 373 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бәрі де тәртібіне байланысты

- Адам бірінші рет 10 жылға сотталып, соның 5,5 жылын отырып үлгерді. Тәртібі жақсы. Алған мадақтаулары да бар. Ешкіммен жанжалдаспайды. Мекеме режимін бұзбайды. Ешкімге физикалық та, моральдық та зиян келтірмеді. 15 қазан 2015, 00:00 3 595 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Atyraudan mahabbatpen

– Біз импортпен айналысамыз, сондықтан Ресей Федерациясына жиі хат жолдап тұрамыз. Корреспонденциялар жиналып, оны жіберу қажет болғанда, бізге шақырту бойынша пошташы келеді. Кезекті келу кезінде пошташы бізге жіберілгені туралы түбіртек беріп, хаттардың Ресейге егер мекен-жай ағылшын әріптерімен көрсетілсе ғана жіберілетінін ескертті. Егжей-тегжейін нақтыламады. Енді мекен-жайды қалай дұрыс жазу керек деп басымызды қатырып отырмыз: ағылшын транскрипциясымен бе, әлде ағылшын тіліне толықтай аудармасын жазу керек пе? Оның үстіне біз атауы мен мекен-жайын дұрыс аудару үшін өте күрделі импортер ресейлік фирмалармен және зейнетақы қорларымен жұмыс істейміз. Біздің хатымыз алушыға жете ме, шатыстыру орын алмай ма? 1 қазан 2015, 00:00 2 403 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қырағы болыңыз

– Күндіз-түні үйіміздің жанындағы кәріз құдығына вакуумдерден лас сулар құйылады. Жер жерден жаман иіс шығады. Вакуум жүргізушілері «АтырауСуАрнасы» КМК-нен лас суларды төгуге рұқсат алғанын растап отыр. Вакуумдерге арналған лас суларды құю нүктесі Атырау қаласының қай жерінде екенін түсіндіріп берсеңіз. 1 қазан 2015, 00:00 2 459 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Уға қарсы екпе бар

– Бірнеше күн бұрын мені шаян шағып алды. Бұл жәндік қауіпті саналатындықтан және шаққан жер ауыра бастағандықтан мен облыстық аурухананың травматологиялық емханасына көмекке жүгіндім. Алайда дәрігердің айтуынша, шаққанға қарсы жағатын арнайы сарсу бізде жоқ екен. Менің жарамды өңдеп, таңып берді. Бір жақсысы, шаян кішкентай болып, тез жазылып кетті. Алайда екпенің неліктен болмағанын білгім келеді? 1 қазан 2015, 00:00 2 135 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көшірме дұрыс

- Әкімшілік полиция басқармасында әкімшілік айыппұл төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасын талап етеді. Алайда Мемлекеттік қызмет туралы заңда мемлекеттік органдардың азаматтардан түбіртектердің, чектер мен басқа да төлем құжаттарының түпнұсқасын талап етуге құқығы жоқ деп жазылған. Олай болса, әкімшілік полиция түбіртектердің түпнұсқасын талап етуге құқылы ма? 1 қазан 2015, 00:00 3 616 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Бәрінің өз уақыты бар

– Жақында бізге учаскелік инспектор келіп, ескі үлгідегі жеке бас куәлігін жаңасына ауыстыру керектігін, ескісінің кешікпей жарамсыз болатындығын айтты. Ал менің ескі жеке бас куәлігім 2018 жылға дейін жарамды. Оны ауыстырмауға құқылымын ба? 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 392 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Ауыр жағдай

– Жұбайым - Махмұд Боранбайұлы Жақаев «ОблТрансГаз» КМК-де жұмыс жасап жүргенде 2007 жылдың 20 наурызында өзінің еңбек міндеттемесін орындау барысында зақым алған еді. «ОблТрансГаз» КМК әкімшілік ғимаратын күзететін кезекшілігін атқару кезінде ол жабық ауыр бас-ми жарақатын алған, оң жақ самай бөлігі жаншылып, өткір субдуралдық қанды ісік жарақаты бар ауыр дәрежеде бас миы зақымдалған. «ОблТрансГаз» КМК кеңсесіне белгісіз тұлғалар кеңсе бухгалтериясынан сейф ұрлау мақсатында шабуыл жасаған... 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 491 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Талап орынсыз

- Мен мектеп мұғалімімін. Былтыр белгілі себептермен үш айлық деңгейлік курс бағдарламасынан өте алмадым. Оның үстіне бұл оқу бағдарламасынан өту ерікті түрде жүргізіледі делінген болатын. Ал, мен жұмыс істейтін мектептің директоры күнтізбелік жоспарымды сол үш айлық деңгейлік курстың бағдарламасы бойынша құруымды талап етіп отыр. Бұл талабы орынды ма? 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 867 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жаңа орында - жаңа кезек

– Ұлым дүниеге келген бойда Қазақстанның басқа қаласынан балабақшаға орын алуға кезекке тұрдым. Өйткені, бұрын сол жақта тұрғанбыз. Бір жыл бұрын отбасымызбен Атырауға көшіп келдік. Мен басқа қаладағы балабақшадан орын алу кезегімді ауыстыра аламын ба? Қазанда ұлым үш жасқа толады. Басқа қалада кезекте 13-ші болып тұрған едік. 13 тамыз 2015, 00:00 2 028 рет қаралды