Атырау, 3 тамыз 21:12
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты? Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты?

№2 Атырау қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Бұған дейін сот отырысы сотта төрағалық еткен Дәуренбек Даумовтың еңбек демалысына шығуына байланысты кейінге қалдырылған еді. Кезекті отырыста үш сотталушының бірі – «Атырау Су Арнасы» КМК директорының орынбасары Виктор СУЩЕНКО жауап берді. Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 17:00 4 573 рет қаралды
Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді Басқа жаңалықтар

Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді

Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағының 1,4-тармақшасы (Ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, А.М. 7 адамды алдаған - ол жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыруға, баспана мен жер телімін тез алуға көмектесуге уәде беріп, олардан осы «қызметтер» үшін жалпы сомасы 19 миллион 600 мың теңге жинап алып, уәдесін орындамаған. Кейін зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгінді. 26 қыркүйек 2019, 16:58 4 546 рет қаралды
О дүниеден қайтарып алды Басқа жаңалықтар

О дүниеден қайтарып алды

Жыл басынан бері облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерлері инфаркт жағдайы бойынша 203 рет шақыртуға барған. Өткен аптада олар науқасты клиникалық өлім жағдайынан шығарып, тағы бір адам өмірін құтқарып қалды. 26 қыркүйек 2019, 16:25 3 747 рет қаралды
Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті Басқа жаңалықтар

Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті

Атыраудағы Баймұханов көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Тойота» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен қайғылы оқиғадан кейін «АЖ» тілшілері мұнайлы астананың «жолақтарымен» өтуді ұйғарған болатын. Бұл жерде жаяу жүргінші өткелдері қауіпсіз емес екендігіне тағы бір рет көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 15:56 8 192 рет қаралды
Бейбарыс бойындағы теректердің "екінші өмірі" Басқа жаңалықтар

Бейбарыс бойындағы теректердің "екінші өмірі"

Атырауда бірқатар жол учаскелерінде, соның ішінде жолдарды кеңейту аумағында жасыл желектер көптеп орналасқан Бейбарыс даңғылы бойында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 26 қыркүйек 2019, 15:02 3 700 рет қаралды
Журналистиканың маңызы бар Басқа жаңалықтар

Журналистиканың маңызы бар

- 19-21 қыркүйекте Душанбе қаласында осындай ұранмен өткен алғашқы MediaCAMPFest Орта Азия фестивалі 5 елден 150 қатысушының басы қосты. Оны АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азия MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews командасы ұйымдастырды. Сурет 24 қыркүйек 2019, 15:41 3 457 рет қаралды
Тоғысқан түрлі тағдырлар Басқа жаңалықтар

Тоғысқан түрлі тағдырлар

Жыл басынан бері Атырау облыстық кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына тоқсанға жуық бала келіп түскен. Осылардың 15-і «Шаңырақ» балалар үйіне орналастырылса, 65 бала заңды өкілдеріне қайтарылған.  2 бала  «ата-анасының тәрбиесіне көнбегендіктен және мінез құлқына байланысты» соттың шешімімен Маңғыстау облысындағы арнайы түзету мектебіне орналастырылды.  Ал қазір бұл жерде 21 бала тәрбиеленуде.  «АЖ» тілшісі орталық жұмысымен танысты. Бейнежазба 25 қыркүйек 2019, 12:30 5 033 рет қаралды
Миллион Атырауда қалды Басқа жаңалықтар

Миллион Атырауда қалды

20 қыркүйекте Доссор кентінде Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Мақатым – мақтанышым»  тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 20 ақын қатысып, бас бәйгесі мен 1 млн теңге сыйлығын атыраулық ақын Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ жеңіп алды. 25 қыркүйек 2019, 11:06 4 220 рет қаралды
Атырау облысында полиция басшылары парамен қолға түсті Басқа жаңалықтар

Атырау облысында полиция басшылары парамен қолға түсті

Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің Тылдық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылық басшысы, полиция подполковнигі мен оның орынбасары, полиция майорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 20:19 6 024 рет қаралды
Заңгер бопсалаушы болып шықты Басқа жаңалықтар

Заңгер бопсалаушы болып шықты

22 қыркүйекте Атырауда ҰҚКД қызметкерлері жергілікті адвокатты ұстады. Куәгерлердің айтуынша, оны Привокзальныйдағы сауда үйлерінің бірінің ауласында ұстаған. Қолда бар мәліметтер бойынша, 32 жастағы заңгер Өзбекстанның бірнеше азаматынан қорқытып ақша алып отырған. Ол азаматтар «органдарға» жүгініпті. 24 қыркүйек 2019, 16:52 4 820 рет қаралды
Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол Басқа жаңалықтар

Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол

- Мен зейнетақымды пошта арқылы аламын, бірақ өткен айда «Қазпошта» қызметкерлері маған карточка беріп, келесі айдан бастап ақша соған аударылатынын айтты. Бірақ мен карточканы қалай қолдану керектігін білмеймін. Ал қызым бөлек тұрады, үнемі жұмыста, сирек келеді. Көршілерім ақшаны поштадан алуға болатындығын айтады. Қызметкерге ПИН-кодты айтса, ол ақшаны түсіріп береді дейді. Бірақ олай етуге қорқамын. Өйткені қызметкерлер өзгеріп тұрады, аяқ астынан жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Ал төсек тартып жатқан мүгедек-зейнеткерлер карточкамен қалай алады? Бір сөзбен айтқанда, маған ақшаны карточкаға аударатындығына қарсымын.  Зейнетақымды бұрынғыдай алғым келеді. Ол үшін «Қазпоштаға» өтініш жазуым керек пе? 24 қыркүйек 2019, 16:30 3 894 рет қаралды
Жайыққа құрылыс қоқысын төкті Басқа жаңалықтар

Жайыққа құрылыс қоқысын төкті

Атырау тұрғыны Болат Нсанбаев Фейсбукте бейнежазба жариялап, оған: «Құрылыс қоқыстарын Жайыққа төгіп жатыр, бұл «Шағалаға» қарама-қарсы Әлиев көпірінің жанында жүріп жатқан құрылыс. Өз-өзімізді құртып жатырмыз...» деп жазыпты. Бұл көрініске шынымен де жаның ашиды: экскаватор Жайыққа көп мөлшерде сусымалы массаны тастап жатыр. Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 16:28 4 650 рет қаралды
«Ұлы дала тарихы» Басқа жаңалықтар

«Ұлы дала тарихы»

20 қыркүйекте осындай атаумен Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясы басталып, қала тұрғындары мен қонақтары алғашқы күні Құрманғазы ауданының көшпелі музейі жәдігерлерін тамашалай алды.   Сурет 24 қыркүйек 2019, 12:07 3 783 рет қаралды
Салт-дәстүрін дәріптеген студенттер Басқа жаңалықтар

Салт-дәстүрін дәріптеген студенттер

20 қыркүйекте Атыраудағы Вокзал маңы ықшамауданындағы "Арбатта" ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер құрылып,  студент жастар арасында  ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған бұл шараға қаладағы барлық оқу орындары қатысты. Сурет Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 10:15 2 640 рет қаралды
Біздікілердің біліктілігі төрт есе төмен бе? Басқа жаңалықтар

Біздікілердің біліктілігі төрт есе төмен бе?

Жақында «АЖ» Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша еңбек инспекциясының Теңіз кенішіндегі компанияларды, онда да барлығын емес, 50-ден астам шетелдік жұмысшысы бар компанияларды тексеріп жатқанын хабарлаған еді. Тексеру барысында біздің жұмысшылардың да жақсы табыс табатындығы белгілі болды, бірақ әділеттілік қағидасы бәрібір сақталмаған. Тексерудің аралық нәтижелері туралы - Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ әңгімелеп берді. 23 қыркүйек 2019, 15:31 4 315 рет қаралды
Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі Басқа жаңалықтар

Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісімен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті ұсынуды пилоттық режимде іске қосу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №418  және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мнистрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №192/НҚ бірлескен бұйрықтары бекітілді.  23 қыркүйек 2019, 12:47 5 031 рет қаралды
Атырауда полиция рұқсат етілмеген митингіге жиналған адамдарды ұстады Басқа жаңалықтар

Атырауда полиция рұқсат етілмеген митингіге жиналған адамдарды ұстады

Бүгін, 21 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында, сондай-ақ «Байзаар» сауда орталығының аумағында рұқсат етілмеген митинг өткізбек болған адамдар ұсталды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 21 қыркүйек 2019, 16:41 7 760 рет қаралды
Аман өргенімізге шүкір Басқа жаңалықтар

Аман өргенімізге шүкір

- Күн сайын таңда Достық көшесіндегі 60 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген, қазір апаттық күйдегі 14-үйдің тұрғындары осылай шүкіршілік етеді. Осы жерге келген Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТҰМҰРАТҰЛЫ жаңа жылға дейін бұл мәселені «шешуге уәде берді».  Бірақ жаңа жылға дейін әлі көп уақыт бар, ал әкім келіп кеткеннен кейін көп ұзамай, пәтерлердің бірінің қабырғасы құлады. Сурет Бейнежазба 21 қыркүйек 2019, 20:11 4 761 рет қаралды
Атырауда «Тойота» жасөспірімді қағып өлтірді Басқа жаңалықтар

Атырауда «Тойота» жасөспірімді қағып өлтірді

Бүгін, 21 қыркүйекте, шамамен сағат 9:30-да Атырауда Баймұханов көшесінде ресейлік нөмірі бар Toyota Camry (елулік) көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті. Толықтырылды Сурет Түзетілді 21 қыркүйек 2019, 11:10 10 253 рет қаралды