Атырау, 24 қараша 03:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзен өзекке айналмасын

Сурет
3 676 просмотра


Атырауда Жайық-Каспий бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалану және трансшекаралық өзендерді құтқару тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған гидрология саласындағы қазақстандық және ресейлік мамандар, осы саланың ардагерлері қатысты. Орынды пайымдаулар мен ғылыми ақпараттар көп болды, дегенмен ауыр ахуал өзгеретіндей әсер болмады.

- Ириклинск су қоймасы арқылы Жайыққа ағынның тек 30%-ы құйылатынын, ал негізгі бөлігі - Башқұртстан мен Орынбор облысы арқылы ағатын Сақмар өзенінен құйылатынын атап өту керек, - дейді «Су бастамалары орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы Мейрам АРЫСТАНОВ. - Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен қазақстандық-ресейлік комиссия аясында осы өзендегі су шаруашылығы қызметін зерделеуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, Башқұртстан аумағында не болып жатыр? Олар жалпы 1 млрд текше метр көлемдегі 5 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл онсыз да нашарлап жатқан жалпы ахуалға кері әсер етуі мүмкін. Соңғы он жылдықта Жайық-Каспий бассейнінде су пайдалану бірнеше миллиард текше метрге азайды. Негізгі себептердің бірі - трансшекаралық Жайық, Қиғаш, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек және басқа өзендер ағымының азаюы.



Су саласының ардагері, инженер-гидротехник Мәкен ШҰРТАБАЕВ Жайықты барынша тереңдетуге шақырды. Ол өзеннің тайыздануы мен жағалаудағы ормандардың жойылуы арасындағы тікелей байланысты да атап өтті. Бірақ, бәрінен бұрын, ол 10-15 жылдан кейін Жайықты өзек демесе, өзен деп атау қиынға соғады деген көпжылдық тәжірибеге негізделген болжамға қапаланды.

Дөңгелек үстелде Жем өзенінің тайыздығы мәселесі де талқыланды.

- Нақты жағдаймен танысу үшін Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында Жем өзенінің бастауына экспедиция ұйымдастырылды. Жергілікті мамандар Жемнің тайыздануына - біздің өңіріміздегідей, қыста қардың, көктемде жаңбырдың аз жаууы себеп болып отыр деп санайды, - дейді Жылыой ауданының әкімі Азамат БЕКЕТ. - Өзенді құтқарудың бір жолы - сол жерден су қоймасы салу. 60-жылдары осындай жоба әзірленіп, бірақ жүзеге асырылмай қалған.

Қатысушылар мемлекетаралық қазақстандық-ресейлік комиссияға анағұрлым жоғары, мысалы, екі елдің вице-премьерлерінің деңгейіндегі мәртебе берілуі керектігімен келісті.

Фархат АБИЛОВ

Фото автора

3 қазан 2019, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.