Атырау, 3 тамыз 13:58
 дождьВ Атырау +29.2
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Басқа жаңалықтар

Як-42 әуе апатында қаза болғандардың арасында Қазақстанда туған азамат та бар Басқа жаңалықтар

Як-42 әуе апатында қаза болғандардың арасында Қазақстанда туған азамат та бар

Ярославль түбінде болған Як-42 әуе апатында Қазақстанда туған азамат, немістің танымал хоккейшісі Роберт Дитрих қаза тапты, деп хабарлайды «Спорт.kz». 9 қыркүйек 2011, 18:09 2 546 рет қаралды
Мағжанның қабірін іздеп Магаданға барғанда... Басқа жаңалықтар

Мағжанның қабірін іздеп Магаданға барғанда...

Алдымен «АЖ»  газетінің 26 мамырдағы №21 санында  жарық көрген «Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев» атты материалдың елде үлкен қобалжу тудырғанын айтсақ артық болмас.  Онда репрессияға ұшыраған қазақтың дана тұлғасы  Мағжан Жұмабаев тағдырының құлсарылық Абдулла ӘБДІРАХМАНОВ баян еткен жаңа дерегі айтылған еді. 8 қыркүйек 2011, 01:35 12 060 рет қаралды
Инспекторлардың  «крыша»-ханыммен текетіресі Басқа жаңалықтар

Инспекторлардың «крыша»-ханыммен текетіресі

Атырау балық қорғау қызметінің инспекторлары Оралдан келген браконьерлерді ұстау кезінде балықшыларды құтқаруға асыққан жергілікті «крышалардың»  қарсылығына тап болды. Бақтарына қарай, тек көлік қана зардап шекті. 8 қыркүйек 2011, 00:30 3 073 рет қаралды
Индерборда бір түнде алты қораны кім өртеді? Басқа жаңалықтар

Индерборда бір түнде алты қораны кім өртеді?

Индербор поселкесіндегі «Көктем» мөлтек ауданында (өткен «ЖС-дан» «Қора өртенді, пішеннің күлі қалды» атты мақаланы қараңыз) бірнеше жерден бір мезетте орын алған өрттің себебі әзір белгісіз. Жергілікті құқық қорғау органы өкілдері бұған діни экстремистердің  қатысы жоқ деп отыр. 8 қыркүйек 2011, 16:22 3 455 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Ақылға сыйымсыз сметалар тұрғындарды таң қалдырды

Үйлерді термомодернизациялау жөніндегі жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Тұрғындарының көпшілігі дерлік келіскендей болған көп қабатты 10 үйдің әлі сметалары бекітілмеген. Ал мердігерлердің арандары ашылуда. Мәселен, Смағұлов, 56 (Құлыбаев үйі) тұрғындарына осындай компаниялардың бірі 83 млн. теңгеге смета жасақтап беріпті. 8 қыркүйек 2011, 17:01 2 722 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Мұғалімдерде алты санат болады

Қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін  қайта реформалау күтіп тұр. Атырау облыстық аймақтық институты педагогтардың біліктілігін арттыруда жаңа енгізулер басталып кеткенін хабарлады.   8 қыркүйек 2011, 16:57 4 403 рет қаралды
Техникалық тексерумен жеке фирмалар айналысады Басқа жаңалықтар

Техникалық тексерумен жеке фирмалар айналысады

Келесі жылы автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеруден өткізумен жеке фирмалар айналысатын болады. Бұл мәселе кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен болған кездесуде талқыға салынды. 8 қыркүйек 2011, 17:30 4 789 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

ТШО-ның талағы тарс айырылды

Доссор поселкесі тұрғындарының теміржол вокзалының маңында орналасқан кәсіпорын цехтарындағы Теңіз күкіртін алдағы уақытта өңдеуге қарсы көрсеткен жаппай наразылығы қадағалау органының тексеру жүргізуіне сеп болды. 8 қыркүйек 2011, 00:30 3 842 рет қаралды
АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады Басқа жаңалықтар

АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады

Нұргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА электронды қолтаңбаның көмегімен түрлі қызмет түрлерін жеңілдету үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті. «Мүліктер бойынша анықтамалар алып, коммуналдық қызметтерді төлеп, басқа да нәрселерді электронды түрде атқаратын боламын, осылай анағұрлым қолайлы», - дейді Нұргүл. 8 қыркүйек 2011, 21:00 7 964 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Атырауда 30 - ға тарта адам ұсталды. Іздеу жарияланғандардың бірі ІІМ-не шағымданды

Құқық қорғау органдарының ресми емес хабарламалары бойынша соңғы бірнеше күннің ішінде тек Атырау және қала маңындағы елді-мекендерден радикальды діни топтармен байланысы бар деген күдікпен 30-дай адам ұсталды. Бұл шараның басым бөлігі тікелей көшелерде және қоғамдық көліктерде жүргізілді. Ал бұл халыққа қосымша үрей туғызды. Ұсталғандардың көпшілігінің лаңкестік туралы ешқашан да ойламаған болуы, тек жай ғана сыртқы түрімен ерекшеленуі  де мүмкін еді. «Алдын-ала жүргізілген шаралар» барысында көз қырына кез болғандары да жоқ емес. Олардың барлығы да  күні бүгінге дейін тергеу изоляторында  отыр, деп хабарлайды бізге ресми емес ақпарат көздері. Бүгінгі күні барлық күш құрылымдарының баспасөз қызметтері табанды түрде үнсіздікті сақтап отыр. 1 қыркүйек 2011, 22:24 4 181 рет қаралды
Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді Басқа жаңалықтар

Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді

Кеше баспасөз-конференциясында  Атырау облысының прокуроры Сайфулла КЕМАЛОВ лаңкестік әрекеттерді дайындауға күдікті делінген топтың ұсталғандығы  жөнінде ресми мәлімдеме жасады.  Ол сондай-ақ, облыс халқына ендігі жерде еш қауіптің жоқ екендігін атап өтті.  1 қыркүйек 2011, 16:32 8 856 рет қаралды
Сыңғырла, алғашқы қоңырау! Басқа жаңалықтар

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Бүгін алғаш рет мектеп партасына Атырау облысында шамамен 10 мың бала отырмақ. Солардың бірі 6 жастағы Бекзат ЕРКІН. Өзінің сүйікті шөбересін мектепке  апару  үшін  80 жастағы Балған әже Оралдан әдейілеп келіпті. 1 қыркүйек 2011, 16:43 7 252 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Мұғалімдер жалақысына үстеме ақы қосылады

1-ші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстеме ақы қосылатын болады. Бұл үстеме тек жоғары санатты мұғалімдерге ғана емес (басында солай жоспарланған еді) барлық ұстаздар қауымына тиесілі. 1 қыркүйек 2011, 23:09 4 195 рет қаралды
Қала бірінші сыныптықтарға қол ұшын берді Басқа жаңалықтар

Қала бірінші сыныптықтарға қол ұшын берді

Нұрберген Қайрошев пен қарындасы Нұрайна (суретте) тетелес, бірақ мектепке бірге барады. Сабақты осылай оқыған қызықтырақ болады, - деп шешіпті ата-аналары. «Мектепке дейінгі даярлық бойынша олар үлкен белсенділік танытты. Ал қайырымдылық көрсетушілерден мектеп формасы мен су жаңа мектеп құралдарын сыйлыққа алған олар 1 қыркүйекті асыға күтуде», - дейді бірінші сыныптықтардың анасы Алмагүл. 1 қыркүйек 2011, 16:50 3 406 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Шеру болмағанмен, концерт өтті

30 тамыз күні сағат 11.00-ге белгіленген мерекелік жарнамаларда уәде етілген ҚР Ата заңы-  Конституция күніне арналған қала еңбекшілерінің шеруі мен облыстағы кәсіби ұжымдардың концерттік бағдарламасы өтпей қалды. Бейресми  ақпарат бойынша, шараны болдыртпау жөніндегі бұйрық облыстық әкімдік тарапынан жасалған екен. 1 қыркүйек 2011, 22:45 2 798 рет қаралды
Алаңдағы шаралар және ел аузындағы әфсаналар Басқа жаңалықтар

Алаңдағы шаралар және ел аузындағы әфсаналар

30 тамыз күні кешкісін Исатай-Махамбет алаңында мереке күндері үшін тосын жай болды. Сағат 20.30-ға қарай сахна бос қалып, аппаратуралар әкетілді. Концерттің болғандығын тек жиналмаған турникеттер мен көрермендерге арналған орындардан ғана білуге болады. Алаң маңынан милиция жасақтары байқалмады, тек Сәтбаев даңғылының бойындағы жолда жол полициясының көлігі тұрды. 1 қыркүйек 2011, 22:50 3 191 рет қаралды