Атырау, 28 желтоқсан 15:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Судан шығарылған кемелер металл үйінділерге айналмақ

4 047 просмотра

Жайық өзенінің түбінен 2008 жылдың көктемінде суға батып кеткен алты браконьерлік кеме шығарылды.

Естеріңізге салайық, осыдан екі жыл бұрын Атырау өзен айлағының маңынан алты бірдей әзірбайжандық кәсіпшілік-көлік кемелері суға кеткен еді. Кезінде Каспий теңізінің қазақстандық аумағынан ұсталған браконьерлер осы кемелерде құрықталған болатын. Ұзақ уақыт бойына бұл кемелер тәркілеу туралы сот шешімін күтіп,  ешқандай күтімсіз тат басып жатты. «Атырауөзенпорты» АҚ айлағында қатып жатқан кемелер наурыз айында күн жылына тұңғиыққа батқан еді. Су бетінде тек мачтаның ұшар бастары ғана қалқып қалды, ал 200 литрлік бөшкеден аққан мұнай өнімдері су айдынын алып кетті. Шамасы құрсаған мұз корпусына зақым келтірген-діктен кеме суға батқан болуы керек («АЖ», №12, 2008 жыл).

Суға шөккен кемелер су жолында кедергі келтіріп, оларды шығару туралы шешім қабылданды. Бір ай дайындықтан кейін барлық алты кеме жағалауға шығарылды. Оларды енді металл сынықтарына тапсыру үшін бұзып жатыр.

Судан шығару жұмыстарына «Атырауөзенпорты», 750 тонналық жүк көтеретін «Sarens» кранын ұсынған Атырау ЖЭО және «Isker» консорциумы (қаржыландыру) қатысқан.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

29 қыркүйек 2011, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.