Атырау, 27 сәуір 00:11
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тұқымды Голландиядан әкелген тиімді

1 724 просмотра

Жұма күні «Ренессанс» қонақ үйінде голландық бизнесмендер атыраулық ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Көкөніс  қоймасы мен жылыжайларға арналған жабдықтарды жеткізумен айналысатын «Agro Technical Supplies» компаниясының өкілдері әр сатып алушы үшін қолжетімді баға мен жеке жұмыс істеуге уәде берді.

«Батыс Агрофуд Атырау» ЖШС директоры Әзима ӘБДУСАМЕТОВАНЫҢайтуынша, оған 500 тонналық жеміс қоймасын салу керек екен. Компания Атырауға алма, алмұрт, алхоры, шабдалы және жүзім жеткізумен айналысады. Биылғы жылы облыстық әкімдік «Батысқа» екі жүз гектарға бақша салу үшін  Махамбет ауданынан жер учаскесін бөліп, қол ұшын берген. Ә.Әбдусаметова бұл жерге алдымен жергілікті климатқа бейімделген көшеттер отырғызбақ. Ал содан кейін оларға жемісі мол жоғары өнімді сұрыптардың талдары егіледі.

Тұқым жеткізетін «Rijk Zwaan» компаниясының қызметкерлері былай дейді: «Тұқымдар өте өнімді. Бір шаршы метрге 2 дәннен кетеді. Оның әрбіреуі содан кейін бір түпке айналады. Бір түп 60 келі қызанақ береді. Бір келі тұқым 7 мың еуро тұрады. Ал алынған қызанақты сатудан түскен пайда 450 мың еуро құрайды».

«Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Қоныс ЕРМАНОВТЫҢайтуынша, жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне тұқымды анағұрлым қымбат тұратын Волгоградтан әкелгеннен гөрі, голландықтардан сатып алған тиімдірек екен.

«Van der Ploeg International» компаниясының өкілі голландық технология бойынша Ақтөбеде ірі тауарлы сүт фермасы мен Құлсарыда жаңа құс фабрикасы салынып жатқанын әңгімеледі.

Кездесу соңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Сырым РЫСҚАЛИЕВ голландық тасымалдаушылармен 8 шаруашылық келісім-шарт жасауға ниет білдіріп отырғанын хабарлады. АлматыдағыНидерланд Корольдігі елшілігінің басшысы Крис Ван ФЛИТ мырза голландық технологияға қызығушылық білдірген барлық ауыл шаруашылығы мамандары елшіліктің экономика бөліміне қоңырау шалып, қажетті ақпаратты ала алады деп мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қыркүйек 2011, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.