Атырау, 23 қараша 12:48
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Науқасқа мал бақтырған

2 070 просмотра

Жүйке-неврологиялық интернат басшылығына пациенттерді пайдаланған деп айып тағылып отыр.

Облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Шәміл ШЫРЫНОВТЫҢайтуынша, тексеру барысында Сарайшық поселкесінде орналасқан осы интернат пациенттерінің құқықтары бұзылған фактілер анықталған. Тергеу жорамалы бойынша, медициналық мекеме басшылығы психикалық тұрғыда науқас жандарды мал бағуға мәжбүрлеген. Мәселен, 43 жастағы ІІ топ мүгедегі бес жылдан бері жеке жайылымда бақташы боп жұмыс істейді екен. Оның өзі түсіндіргендей, ол бас дәрігердің рұқсатымен бас есепшінің «арқасында» қыстаққа аяқ басыпты. Қазіргі кезде «Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану» және «Қызметтік жалғандық» деп аталатын сыбайлас жемқорлық баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.   

Лев ГУЗИКОВ

29 қыркүйек 2011, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.