Атырау, 29 желтоқсан 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жолшылар 3 млрд теңгені игерді

1 906 просмотра

Облыстық автокөлік жолдары басқармасының бастығы  Ахмет АХМЕДОВ жол құрылысы маусымының қорытындысын шығарды.

Оның айтуынша, поселкеішілік жолдар күрделі жөндеуден өткізілді: Индербор поселкесінде 180 млн теңгеге, Махамбетте 85 млн теңге, Мақатта 85 млн теңге, Мұқырда 85 млн теңге, Ганюшкинода 205 млн теңге, Аққыстауда 100 млн теңге, Тұщықұдықта 100 млн теңге және Құлсары қаласында 1,4 млрд теңгенің жұмысы жасалды. Сондай-ақ, кірме жолдарға да күрделі жөндеу жүргізілді: Ақкөл селосына 440 млн теңге, Ерғалиевқа 77 млн теңге, Жанбайға 277 млн теңге және Исатай теміржол стансасына 100 млн теңге бөлінді. Сағыз-Миялы жолының 51 шақырымдық учаскесі және Атырау-Ақтөбе тас жолынан Мақат поселкесіне баратын кірме жолдың 8 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың мердігері «Атырауинждорстрой» компаниясы болды.

А. Ахмедов келесі жылдың жоспарларымен бөлісті. Жолшылар Сағыз-Миялы жолының қалған 40 шақырымдық бөлігін жөндемек және Құлсары, Миялы, Индербор және Махамбеттегі поселкеішілік жолдарды асфальттау жұмыстары қолға алынбақшы. Өтері-Котяев жолының 18 шақырымы түгелімен жөнделеді және Бейбарыс селосына баратын кірме жол қайтадан жасалмақшы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қазан 2011, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.