Атырау, 29 желтоқсан 06:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Халықаралық тілдер орталығы ашылды

4 929 просмотра

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Атырауда «Language Link» Халықаралық тілдер орталығы ашылды.

Бірінші бағыт бизнес бастамаларын қолдауға арналған. Жоба сомасы 30 млн. теңгені құрайды және Атырау қаласындағы «АТФ Банк» АҚ арқылы қаржыландырылады. «Ресейдегі халықаралық тілдер орталығы 1994 жылдан бері жұмыс жасайды. Британдық Cambridge ESOL емтихан палатасының сертификатталған орталығы боп, сондай-ақ, Ресейдегі Америка сауда-өнеркәсіптік палатасының мүшесі боп табылады, - дейді орталық директоры Алтыншаш УТАЛЕЕВА. – Осы аймақтың таңдалуы кездейсоқтық емес. Атырауда мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын шетелдік және отандық компаниялар көп. Барлық қызметкерлерден дерлік ағылшын тілін білуі талап етіледі». Оның айтуынша, субсидия алу оншалықты қиын болмапты, бастысы – несие алу үшін банктен келісім алу процедурасынан өтсе жеткілікті.

Орталық жас ерекшелігіне қарамастан барлық ниет білдірушілерді оқытпақ. Ағылшын тілін отандық және шетелдік мамандар оқытатын болады. Әкімшілік бірінші жылы төлемақының көп болмайтындығына уәде береді. Ал төлемақының одан да аз болуын қалайтындарға арнайы конкурстар өткізеді. Атап айтқанда, төменгі сыныптарда оқитындар үшін «Әлемді тану. Англияның көрнекті жерлері» тақырыбында түрлі қолдан жасалған бұйымдар мен аппликациялар конкурсы жарияланды. Бірінші орынды иеленуші сыйлық түрінде орталықта бір ай тегін оқиды. Екінші және үшінші орын иелері – 50 және 25 пайыздан жеңілдіктерге ие болады. Конкурс 28 қыркүйек пен 12 қазан аралықтарында өткізіледі. 7-11 сынып оқушылары өздерін хат түріндегі жанрда сынап көре алады. Олар үшін «Менің болашақтағы амбициям» тақырыбында 1 қарашаға дейін жазба жұмыстарының конкурсы өткізіледі. Конкурс сыйлықтары бірдей.

Ал студенттер сыйлыққа қоса «Ренессанс» қонақ үйінің желісінен жұмысқа қол жеткізе алады. Олардың міндеті – Атырау туралы жол көрсеткішін жасау. Жұмысты бағалаудағы басты критерийлер: құндылығы, мазмұндылығы, зерттелу бағыты, шығармашылық тәсілі, таныстыру дағдылары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қазан 2011, 21:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.