Атырау, 29 желтоқсан 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Соколоваға қатысты сот шешімі өзгермеді

2 601 просмотра

Қыркүйектің 26 күні Маңғыстау облыстық апелляциялық соты  тәуелсіз заңгер Наталья СОКОЛОВАҒА қатысты сот  үкімін өзгеріссіз қалдырды. Оның адвокаты Соколоваға тағылған айыптың астарынан саясаттың исі шығады деп санайды.

Еске сала кетсек, “Қаражанбасмұнай” компаниясы белсендісі, тәуелсіз заңгер Наталья Соколова тамыздың 8-і күні «әлеуметтік алауыздық тудырды» деген айыппен алты жылға бас  бостандығынан айырылған еді.

Н.Соколованың адвокаты Арман ЖӘМЕНОВТЫҢ айтуынша сотта айыпталушы тараптың келтірген дәлелдемелері ескерілмеген.

- Мен соттағы сөйлеген сөзімде  Соколоваға қатысты тағылған  айыптың түбінде саяси реңк бар екенін айттым. Өйткені, бұған дейін сәуір айында  «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясының тете-президенті  Қайырбек Елеусінов қылмыстық іс қозғауды сұрағанда, оның өтініші  қанағаттандырылмайды. Ал кейін «Қаражанбасмұнай»  компаниясы басшысы Юань Му мырзаның өтініші бойынша  қылмыстық іс көтеріліп, айғақтары жеткіліксіз болғанына қарамастан алты жылға түрмеге  жабылады. Дегенмен соңына дейін Соколованың кінәсін нақтылайтын айғақтардың жоқтығы туралы  біздің  дәлелдерімізді ескерер деп үміттеніп едім,- деп мәлімдеді  ол «АЖ» тілшісіне.

Ол өзінің қорғалушысы  ары қарай шағымдануды қаласа кассациялық сотқа арыз түсіретінін айтып отыр.

Сәния ТОЙКЕН

29 қыркүйек 2011, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.