Атырау, 28 желтоқсан 15:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Аппаратқа су жаңа екі орынбасар келді

2 715 просмотра

Облыстық әкімдікте кадрлық алмасулар жалғасуда.

Айталық, облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамту және бақылау жөніндегі орынбасары қызметіне Болат ШОҚАЙ тағайындалды. Облыстық әкімдіктің кадр қызметі Б.Шоқайдың 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-ді, 2000 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын тамамдағаны жөнінде хабардар еткен еді. 2000 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта табиғат қорғау прокуратурасында, Атырау қалалық және облыстық прокуратурасында түрлі қызметтер атқарған. 2010 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтау қаласы прокурорының орынбасары боп жұмыс істеген.

Облыс әкімі аппараты басшысының ұйымдастыру және кадрлық мәселелер жөніндегі орынбасары болып Ерболат БЕКТЕМІРОВ тағайындалды. Ол Атырау мұнай және газ институтының түлегі, соңғы бірнеше жыл ішінде облыстық әкімдіктегі мобилизациялық дайындық және апаттар мен табиғи зілзалалар зардаптарын жою жөніндегі басқарма бастығының орынбасары боп қызмет атқарған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 қыркүйек 2011, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.