Атырау, 29 желтоқсан 06:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Cалықшының жүрегін көз жасыңмен жұмсарта алмайсың

2 568 просмотра

Атырау қаласы бойынша салық басқармасында 74 мың салық салу нысандары – пәтерлер, үйлер және жер учаскелерінің иелері болып табылатын 69 733 тұлға тіркелген.

Қыркүйектің соңғы күндерінде салық комитетінің ғимаратында әдеттегідей абыр-сабыр орын алған еді – 1 қазанда жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын төлеу мерзімі аяқталады. «Біз қалалық 53 пик қызметкерлерінің көмегімен 23 мың хабарландыруды және тағы да 15 мың шамасындағы хабарландыруларды селолық округтардың әкімдіктері арқылы село тұрғындарына  тараттық. Соған қарамастан бүгінгі күні жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік салығы бойынша берешектері 8 млн. теңге, ал жер салығы бойынша 2,6 млн. теңгені құрап отыр», - дейді қалалық салық комитеті басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қиялбеков.

Өткен жылы 1-ші қазанға дейін салықты төлеп үлгермеген салық төлеушілер санының көп болуына байланысты мерзімді 15-ші қазанға дейін ұзартуға шешім қабылданған еді. «Биылғы жылы ондай шешімдер қабылданған жоқ, салық төлеуден кешіккендердің барлығын төлемнің әр күнгі кешіккен мерзімі үшін 0,04% көлеміндегі өсім күтіп тұр», - деп атап өтті Е.Қиялбеков. Салықты «Қазпошта» және «Нұрбанктің» бірнеше ғана терезелері жұмыс істейтін салық ғимаратында ғана емес, кез-келген екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінен, сондай-ақ, терминал немесе интернет көмегімен де төлеуге болады. Бастысы өз берешегіңіздің мөлшері мен қаржы мекемесінің есепшотын білсеңіз болғаны. Салық мөлшерін, сонымен бірге өзіңіздің бережағыңыздың бар-жоғын салық комитетінің сайтынан білуіңізге болады.

Зульфия Искалиева

6 қазан 2011, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.