Атырау, 11 желтоқсан 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Атырауда ойлап табылған «СофМайя» сусыны

5 411 просмотра

Шипалы сусынның авторлары - София Сағындықова мен Майя Шұғаева жуырда  семинарлар жүргізу үшін Дүниежүзілік банктің 3,5 млн. теңге көлеміндегі грантын ұтып алды.

«СофМайя» сусыны – қызылша шұбаты деп те аталады. Оның құрамына қызылша мен түйе сүті кіреді. Бұл сусын қант диабетімен ауыратындарға ем.

Биологиялық ғылымдардың  докторы, профессор София Сағындықова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ол Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасының үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген конкурстық гранттар бағдарламасы бойынша Атырау мемлекеттік университеті үш жоба бойынша гранттар жеңіп алғандығын айтады.

Олар - 3,5 млн. теңгеге бағаланған “Ұлттық шұбат" және «СофМайя» сусынын дайындау технологиясын жасақтау және енгізу”, “Сапалы балық шұжығын жаңа технологиямен дайындаудың микробиологиялық негізі, оны жасақтау және өндіріске енгізу” атты екі шағын жоба мен «Мал сүрлемін дайындауда микроорганизмдердің жаңа штамдарын қолдану технологиясын жасақтау және шаруашылыққа енгізу» атты 4 500 000 теңгелік шағын жоба. 

Одан бөлек, «СофМайя» сусынының авторлары ғылыммен айналысатындар үшін өз жалақысына қажетті құралдарды сатып алу қиынға соғатынын сөз етті.

- Белгілі мөлшерде құрал-жабдықтар сатып алуға, семинарлар өткізіп, брошюра, кітаптар шығарып, іссапарларға барып тәжірибе алмасып, ақпараттық  құралдар арқылы жаңа технологияны таратуға мүмкіндік алып отырмыз. Одан бөлек, бізге тәжірибе жасауға және қызылша өсіріп, түйе сүтін сатып алуға бенефициар «Бірінші май» ЖШС басшысы А.Есқариев пен «Достан ата», «Атырау Сауда» ЖШС (төрағасы Ә.Балжігітов) мүмкіндік-терінше көмектесуде, - дейді София Зұлқарнайқызы.

Қазіргі күні “Ұлттық шұбат және «СофМайя» сусынын дайындау технологиясын жасақтау және енгізу” шағын жобасы бойынша екі семинар өткізіліп, енді таяу арада үшінші семинар өткізу жоспарланып отыр.

Ендігі мақсат - “СофМайя” сусынының өндірісін іске қосуға жұмыстану. Ол үшін ғалым сусынның пайдасы туралы кәсіпкерлерге әлі де айта түсуіміз керек деп есептейді. Бүгінде «СофМайя» өндірісі желісінің құны – 400 мың долларға бағаланып отыр.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

13 қазан 2011, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.