Атырау, 29 желтоқсан 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қалааралық маршруттарды лицензиялау енгізілді

2 659 просмотра

Бір айдан астам уақыттан бері Атырау вокзалы алдында клиент іздеп, жар салып жүрушілер ғайып болыпты. Маңдайшасына «Атырау-Орал» деп жазылған қатарласа тізілген автобустар да із-түссіз жоғалған. Атыраулықтар мен қала меймандарына діттеген жерлеріне жету үшін пойызға билет алудан өзге амал қалмады. Мұның мәнісі неде?

Күз басталғанда қалааралық жолаушылар тасымалын лицензиялау жүйесі енгізілді. Өз автобустарының бортына жолаушылар тиеген бірнеше құжатсыз жүргізушіні діттеген жерге он шақты шақырым қалған кезде кері қайтарып жатты. Ал жолаушылар мен жүргізушілер арасында наразылықтар күшеюде. Алайда пойызға билет табудың өзі бір әлек. Оның үстіне ұзақ уақыт жүреді, әрі жолаушыларға қажет жерлерге бара бермейді.

«Бұл жолаушылардың денсаулықтары мен өмірлерін жарамсыз автобустардағы тәжірибесіз жүргізу-шілерді маршрут бойынша қуалайтын «коммерсанттардан» қорғайтын бірден бір тәсіл», - деп түсіндіредіАтырау және Маңғыстау облыстарының «Каспий» көлік бақылау аймақаралық инспекциясының бас маманы Жомарт ҚҰСПАНОВ. – Бұл тек жол бойындағы тәртіпсіздіктерді ретке келтіру үшін жасалған. Қазір бізде тек Атырау-Астрахан мен Атырау-Құлсары бағыттары ғана лицензия алды. Таяу күндерде осындай құжатты «Батыс-Транспорт-СИМ» де алмақ.

Дегенмен, лицензия алудың оңай еместігі анықталды.«Атырау-Орал» автобусының жүргізушісі Евгений БУЛЫЖНИКОВ өзінің рейске неліктен шықпайтын себебін атады. «Енді автобуста болуы тиіс тахографты міндетті түрде сатып алу ақылға қонымсыз. Бұл жабдықтың құны 200-ден 300 мың теңгеге дейін. Оның үстіне оны үнемі жөндеп отыру керек. Шамамен әрбір төртінші тасымалдаушының нарықтан кететіндігіне сенімдімін. Өйткені жұмыс жасау тиімсіз болады».

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Тахограф– автоматты режимде қозғалыс жылдамдығын, көлік жүрісін, жүргізушілердің еңбек және демалыс уақыттарын үздіксіз индикациялау және тіркеуге арналған борттық техникалық өлшеу құралы.

Бұдан басқа, әр автобус енді тек көлік инспекциясынан ғана емес, СЭС-тен де сертификаттаудан өтуі тиіс. Тексерушілер алыс рейске шығар алдында жүргізуші медициналық тексеруден өтті ме, соны бақылайтын болады және қағаздағы мөр санын есептейді. Әр автобусқа түрлі қызметтің мөртаңбалары соғылған бірнеше жаңа парақтар алу қажет. Бұл құжаттар өте маңызды – оларды көлік инспекциясының қызметкерлері мұқият қарайтын болады. Жаңа заң оларға өздеріне қолайлы кез-келген жерден «тосқауыл» жасауға құқық береді. Қалааралық трассаларда мұндай қосындар қызмет етуге кірісіп кеткен.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

6 қазан 2011, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.