Атырау, 5 желтоқсан 10:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қысқа қайырғанда

1 918 рет қаралды

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВТЫҢақпараты бойынша, қазіргі кезде Атырау облысында 13 865 мүгедек жандар тұрады екен, оның 1 841-і – балалар. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңында қарастырылған мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған 3 пайыздық квота бойынша, 1 қыркүйекте жұмыспен қамту органдарына жүгінген мүмкіндіктері шектеулі 150 адамның 45-і тұрақты жұмысқа алынған. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 34, төленетін қоғамдық жұмыстарға – 102 адам жұмысқа орналастырылды. 9 мүгедек кәсіптік оқытуға жіберілді.

 

Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Темір ЕСТЕБАЕВТЫҢайтуынша, 2 223 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бар болғаны 786-сы, немесе 36 пайызы пандустармен жарақталған.

6 қазан 2011, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.