Атырау, 11 қазан 06:29
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қысқа қайырғанда

2 026 просмотра

Қазақстанның судан құтқару қызметі 8 қазанда өзінің он бес жылдық мерейтойын атап өтті. Атырау судан құтқару қызметінің бастығы Ершат Қибашевтың айтуынша, мерекені біздің қаламызда да атап өтіпті. «Біз өз қызметкерлеріміз арасында сайыстар ұйымдастырдық. Құтқарушылар ұзақ қашықтыққа жүгіріп, ескек қайық жарысына қатысты. Кім жеңді дейсіз бе? Әрине, достық жеңді». Мереке соңында ерекшеленгендер құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталған.

 

Балықшыдағы «Жастар» мәдениет үйінде облыстық мүгедектер қоғамы жанындағы А.Евстифеев атындағы «Өмір гүлі» ансамблі ұйымдастырған фестиваль өткізілді. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Фестивальдың бүкіл қатысушылары дипломдармен марапатталды. Облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Әбдірахимов олардың біздің облысымыздағы осындай бірден бір шығармашылық ұжым екенін атап өтті.

 

Ақтөбе қаласынан келген суретшілердің «Ақтөбе желкені» деп аталатын көшпелі көрмесі «Ақ желкен» орталығында  ашылды. 21 автордың 70 жұмысы көрмеге қойылды. Көрермендер назарына пейзаждар, натюрморттар, портреттер, скульптуралар, сондай-ақ, декоративтік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. Көрме қазанның ортасына дейін жұмыс істейтін болады. Кіру тегін.

12 қазан 2011, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.