Атырау, 29 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Каменныйдағы көне бейіттер

4 168 просмотра

Каменный деп аталатын жерде өткен ғасырдың ортасындағы датамен белгіленген жартылай жұртта қалған христиандар мен мұсылмандардың зираттар қауымы бар. Ол жақын маңдағы бертін келе қоныстанған поселкеден шалғай жерде. Ал зираттың жанында жасанды дуал бар. Оның артқы жағында Каспий теңізінің сулы-батпақты жерде өсетін қамыстары жайқалып жатыр. Осы жердің тарихы туралы әңгімелеуді танымал өлкетанушы Вячеслав АФАНАСЬЕВТЕН өтінген едік.

«Каменный деген жер Еркінқала поселкесі жаққа қарай кететін трассаға жақын маңда орналасқан бекіре зауытының артқы жағында тұр. Каменныйды аңшылар жақсы біледі. Өйткені бейіттер оларға бағыт беріп тұрады. Кейбір деректер бойынша, Каменныйда ХVI ғасырдың ортасында, Гурьев қамалы салынғанға дейін алғашқы казактар қонысы болған, - деп әңгімелейді Афанасьев. – Поселокта приход, шағын шіркеу болатындай халық жеткілікті болған, ол жерде үйінділер сынығы әлі күнге дейін бар. Жерлеуге келер болсақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында Каменныйда балық кәсіпшілігі болған, ал сақталып қалған бейіттер сол жерде орналасқан поселке тұрғындарының соңғы мекені».

Бүгінгі күнге дейін үш христиандық бейіт сақталған. Онда Иван ШИЛИН (1887 – 1943), Вера ПАПУЗИНА (1895 – 1952) және Александра ДРИНИЦЫНА (1927 – 1943) жерленген. Дуалдан жүз метрдей қашықтықта құлпытастарға жазған жазулары жартылай өшкен оннан астам мұсылман зираты бар: Қабахай АСАНОВ (1891 – 1944), Анапия АСАНОВА (1893 – 1945), Ұлмекен ҚҰБАЙДОЛЛАҚЫЗЫ (1952 – 1956)… Балалар да, ересектер де жерленіпті…

Христиандық бейітке жақын жерде түсініксіз оғаштау құрылыс сақталып қалған. Біреу үй сала бастап, тастап кеткен секілді. Құрылыс материалы ұсақ тастарға араластырылған цементтен құйылыпты. Оның көптігі сондай, аяқ астында шашылып жатыр. Бір ғана қызық деталь – үйде бірде-бір есік жоқ. Осы құрылысқа қатысты Вячеслав Константиновичтің қызықты жорамалы бар екен.

«Мен бір ардагерден бұл үйдің балық бөлетін цех болғанын естідім. Онда соғыс тұтқындары жұмыс жасаған. Олардың кейбірі фин соғысында қолға түскендер екен, - дейді ол. – Есіктердің жоқтығы осымен түсіндіріледі. Өйткені тұтқындарды қабырғаға сүйелген басқышпен кіргізген. Каменныйдағы қызықты нәрселердің Каспий тасқынынан қорғау үшін қорғаныс дуалын салу кезінде еріксіз жойылғаны өкінішті-ақ».

Міне, осындай хикая. Кейбір бейіттерге марқұм болғандардың туысқандарының күтім жасайтыны қуантады. Олар, бәлкім, Каменный поселкесі туралы қызықты жайттарға қанық шығар.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген автор

6 қазан 2011, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.