Атырау, 5 желтоқсан 12:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушы Жовтис амнистиямен босатылды Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушы Жовтис амнистиямен босатылды

АСТАНА, 1 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Соңы адамның қазасына әкелген ЖКО үшін төрт жылға бас бостандығынан айрылған Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюросының бұрынғы жетекшісі Евгений Жовтис амнистиямен босатылды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Жовтистың зайыбы мен қорғаушысы Светлана Витковская. 1 ақпан 2012, 17:16 1 962 рет қаралды
Қырғыздардың қазақ астығын сатып алатын ақшасы жоқ Басқа жаңалықтар

Қырғыздардың қазақ астығын сатып алатын ақшасы жоқ

KazBIN.30.01.2012.Астана. – Қырғыз Үкіметі қор жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттік материалдық резервтер қорын толықтыру үшін қазақстандық астықты сатып алмақ болған еді. Енді қаражаттың жоқтығынан бұл сауда кейінге қалдырылды. Бұл туралы қырғыздың мемлекеттік материалдық резервтер қорына сүйеніп KGinform хабарлады. 30 қаңтар 2012, 17:19 2 390 рет қаралды
Адалдықтың ақ құсы Басқа жаңалықтар

Адалдықтың ақ құсы

Балықшылық Коля ағай айтқан таңғажайып хикая Көгершіннің адалдығы туралы мына ғажайып оқиғаны маған балықшылық бір ағай айтып берді. Оны поселкедегілер жай ғана Коля ағай деп атайды. Оның аузы құрғамай айтатын балағат сөзі, үнемі қыстырулы шылымы мен бүгінгі күні аңыз болған оның көршілерімен сыйыспайтындығы, осының бәрі маған ол адамның жүрегінің кеңдігі мен пейілінің шексіздігін жасырып тұрған бетперде секілді болып көрінді. Әзірге көршісі Коля ағайға жауап берем дегенше, ол түк болмағандай, жымия қарап: «Сәлем, сиыр! Жүр шай ішейік, өй, әкең..., немене кібіртіктейсің, кір, кәне!»,-дейді. Ал, енді онымен ұрыссып  көр!? 26 қаңтар 2012, 18:24 27 446 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Валидол мен корвалол қымбаттамайды

Атырау облысында жыл бойына 200 шақты дәрі-дәрмек препараттарының бағасы көтерілмейтін болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті, Атырау облыстық әкімдігі мен дәрі-дәрмек препараттарын өткізушілер баға өсімін тұрақтандыруға бағытталған меморандумға қол қойды. 26 қаңтар 2012, 18:20 2 631 рет қаралды
«Конкордиядан» аман қалды Басқа жаңалықтар

«Конкордиядан» аман қалды

Сонау шалғайдағы Жерорта теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде кеме бортында біздің төрт жерлесіміз болғандығы анықталған кезде қатты уайым шектік. КОРСУНСКИЙЛЕР отбасы «Коста Конкордия» круиздік лайнерінің бортында төрт мыңнан аса туристермен бірге демалыпты. Олар апаттан аман қалып, өткен жексенбі күні аман-есен үйлеріне оралған еді. 26 қаңтар 2012, 17:15 4 085 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Полицияға 18 қаңтарда құрылыс фирмалары бірінің директоры шағымданды, ол 2010 жылдың мамыр айында жеке бір кәсіпкермен құны 40 млн теңге болатын келісім-шарт жасалғандығын, бірақ күні бүгінге дейін не атқарылған жұмыс, не қайтарылған ақша жоқ екендігін мәлімдеді. 25 қаңтар 2012, 23:49 1 617 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Сазан сазайын тартқызды

«Мұрагер» базарының сазан сатылатын сөрелерінде түсім көбейіпті. Сатушылар 5 келілік балық бағасын 1000 теңгеге дейін түсіріп сатуда. Жұма мен жексенбі аралығында осы мәселеге қатысты 3 адам ұсталған. 25 қаңтар 2012, 23:44 2 392 рет қаралды
Құрылыс қалтаны қысады Басқа жаңалықтар

Құрылыс қалтаны қысады

Биыл қыста құрылыс материалдары арзандамайтын болды Қыста құрылыс жұмыстары тоқтап, бұл құрылыс материалдары бағасының маусымдық төмендеуіне мүмкіндік беретін. Жеке құрылыс салушылар мен ірі құрылыс компаниялары осы қалыптасқан дәстүр бойынша бағаның төмендеген сәтінде тастар мен басқа да инертті материалдарды артығымен сатып алып қояды. Алайда, биылғы қыс оған мүмкіндік бермейтін секілді, өйткені, көптеген құрылыс материалдарының бағасы төмендеген жоқ. Оның үстіне, сарапшылар наурыз айының аяғында, яғни, кезекті құрылыс маусымы басталған кезде тағы да қымбаттайды деп есептеп отыр. 25 қаңтар 2012, 23:41 5 782 рет қаралды
ОПЕРАЦИЯҒА ДЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІН Басқа жаңалықтар

ОПЕРАЦИЯҒА ДЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІН

Нұржан Өркешбаевқа Атыраудан пәтер берілмек Нұржан ӨРКЕШБАЕВҚА (суретте - бауырларымен) үздік емханаларда операция жасатуға уәде берген ресейлік телеарналардың көптеген шақыртуларына қарамастан, оның әкесі Жаңбырбайдың шешімімен жерлесімізге Алматы емханасында операция жасалды. Көптен күткен операциядан кейін бозбаланың өмірі қалай өзгергенін білу үшін біз оның туған ауылы Мұқырға аттандық. 25 қаңтар 2012, 23:31 3 936 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Әкелік борышты ақшамен өтеудің «қиыны-ай»!

18 қаңтар мен 18 ақпан аралығында Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен біздің аймақта «Балаңды ұмытпа, алимент төле!» атты акция жүріп жатыр. Акцияға көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және сот орындаушылары қатысуда. 25 қаңтар 2012, 23:28 2 369 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Веб-порталдағы жаңа мүмкіндік

Қылмыстар мен оқиғалар туралы шағымдарды құқық қорғау органдарына енді үйден шықпастан-ақ беруге болады. Бұл енді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің www.service.pravstat.kz     электронды  веб-порталының жаңа қызметі арқасында жүзеге асырылады деп хабарлайды Атырау қалалық прокуратурасы.  25 қаңтар 2012, 23:22 1 959 рет қаралды
Жыры бітпеген жатақхана Басқа жаңалықтар

Жыры бітпеген жатақхана

13 қаңтар күні өрт шыққан Баймұханов, 39 мекен-жайындағы жатақхана тұрғындары бірнеше күн бойына Атырау қалалық әкімдігінің табалдырығын тоздырды. Наразы болған жандар биліктен жаңа пәтерлер талап етуде.   25 қаңтар 2012, 23:21 2 544 рет қаралды
Олимпиададан олжалы оралды Басқа жаңалықтар

Олимпиададан олжалы оралды

Жуырда Алматы қаласында физика, математика, информатика пәндерінен өткен Жәутіков атындағы VIII халықаралық олимпиадада Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушылары алтын медальға қол жеткізді. 25 қаңтар 2012, 23:15 2 694 рет қаралды