Атырау, 1 желтоқсан 02:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 458.04
€ 500.41
₽ 5.17

Қайғылы сапар

1 588 просмотра

Құрманғазы ауданының Балқұдық ауылына қарасты Азғыр бөлімшесінің екі тұрғыны далада суыққа үсіп, бақилық болды.

Азғыр селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Маржан НҰРМҰХАМБЕТОВАНЫҢ айтуынша, Балқұдық ауылына қарасты Қатшеген қыстағының тұрғындары – 1966 ж.т. Гүлбаршын Камариденова мен оның 1998 ж.т. ұлы Аслан Камариденов өткен сенбі күні Балқұдық ауылынан сағат түскі 13.00-де шығып, өздері тұратын Қатшегенге жаяу бағыт алған. Жексенбі күні селолық округке олардың жоғалғаны жөнінде хабар келеді. Бір тәуліктен соң, яғни, 27 ақпанда жоғалған адамдардың Балқұдық пен Қатшеген ауылының арасындағы далалықта суыққа үсіп өлгендері анықталып отыр.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 наурыз 2012, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.