Атырау, 24 қараша 02:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таңертең өтініш, кешке анықтама

2 004 просмотра

Егер үкімет жаңа заңды бекітетін болса, онда кәсіпкерлер үшін тіркелу мерзімі 1 күнге қысқаратын болады.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жақында заңнамалар және сот-құқықтық реформа жөніндегі Мәжіліс комитетінде таныстырылды. Жобаны жасақтаушылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы үшін тіркеу мерзімін 1 күнге қысқартуды ұсынып отыр. Куәліктің қағаз түріндегі үлгісін электронды анықтамаға ауыстыруды, заңды тұлғалардың мекен-жайын растайтын құжаттар мен шаруашылық серіктес-тіктерінің жарғыларын ұсынуды, сондай-ақ, салық органдарынан алынатын (басқа заңды тұлғалардың кәсіпорын құру барысында) қағаз жүзіндегі анықтамаларды алып тастауды сұрайды.  Осылайша, тіркеу туралы өтінішті беру және тіркеу алымдарын төлеу ғана жеткілікті болады. Сондай-ақ, заң жобасы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу тәртібін рұқсат беруді хабарландыру тәртібіне интернет-тіркеуді енгізу арқылы көшуді ұсынады.

-Кәсіпорынды ашу процедурасын жеңілдету  мәселесін  кәсіпкерлер бірнеше рет қозғаған болатын. Ал, оның ақыры парламентте қаралуы заңдылық, өйткені, депутаттардың жаңа құрамында іс жүзінде осы проблемалармен бетпе-бет келетін қоғамдық қайраткерлер мен кәсіпкерлер көп, – дейді облыстық жұмысберушілер мен облыстық кәсіпкерлер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА.Айта кету керек,кәсіпорынды жабу да өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бүгінгі күні түрлі анықтамаларды алу процесі бір айға дейін де созылып та жатады.  Заңды тұлғаларды тарату процедурасын жеңілдету де заң жобасында қарастырылған. Жекелей айтқанда, ұсынылатын құжаттар ішінде салық органдарынан алынатын анықтамаларды айтуға болады. Салық берешектерінің бар-жоғы автоматты режиммен салық комитетінің ақпараттық жүйесі бойынша тексеріледі. Бұл жағдайда заңды тұлғалардың қызметінің тоқтатылу мерзімі 5 күнтізбелік күнге дейін қысқаратын болады.

Және тағы да парламентарийлер заңнамаларды бизнес үшін барынша ашық жасауы үшін «жұмыс майданы» бар. Жақында Астанада өткен кәсіпкерлер форумының конференциясында барлық аймақтардағы, оның ішінде атыраулық бизнесмендердің бірқатар ұсыныстары жинақталды. Атап айтқанда, оларды жер және сәулет-құрылыс саласындағы заңнамалар өте қатты толғандырады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 наурыз 2012, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.