Ақпанның 26-нан 27-не қараған түні Индер ауданының бір ауылында кісі өлімі орын алды.
Аудандық ІІМ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢмәлімдеуінше, екі жолдас жігіт ауыл моншасында бас қосады. Моншада ішімдік ішкен екеу өзара келіспей қалып, арада дау туындайды. Нәтижесінде, 1989 ж.т. Ж. есімді азамат шөлмек сынығымен 1982 ж.т. М. есімді жолдасының мойнын кескілеп тастайды. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Күдікті қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА