Атырау, 2 маусым 09:47
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Басқа жаңалықтар

Екі айда игереміз Басқа жаңалықтар

Екі айда игереміз

Жақында үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВ бюджет қаржылары толық игерілмейтін өңірлердің басшыларын сынға алып, артылған қаражаттың «пысық» өңірлерге берілетінін ескертті. Ал Атырау облысында қаржы қалай игеріліп жатыр? 29 қазан 2018, 16:42 2 153 рет қаралды
«60 мыңға қалай күн көресің?» Басқа жаңалықтар

«60 мыңға қалай күн көресің?»

Ресми статистика бойынша, Атырау облысында 14,9 мың жұмыссыз бар, оның 5200-і облыс орталығында тұрады. «АЖ» тілшісі бүгінде мұнай астанасында қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін және дипломы бар түлектердің неліктен жұмысқа орналаса алмайтындығын сұрастырған еді. 29 қазан 2018, 16:27 2 509 рет қаралды
"Бас прокуратурамен келіспесек те, орындауға мәжбүрміз" Басқа жаңалықтар

"Бас прокуратурамен келіспесек те, орындауға мәжбүрміз"

ҚР Бас прокуратурасының алқасында қозғалған тақырыптардың бірі энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысы болды. Атап айтқанда, бұған «Атырау Энерго Сату» ЖШС де ілікті: «Мәселен, «Атырау Энерго Сату» баға келісу кезінде жеке тұлғаларға 413 млн квт сағатты 5,3 теңгеден, ал мемлекеттік мекемелер мен компанияларға 858,3 млн квт/сағатты 18 теңгеден сататындығын мәлімдеді. Квт/сағаттың орташа құны 11,6 теңге болды. Бірақ іс жүзінде 2017 жыл ішінде заңды тұлғаларға 380 млн/сағатқа көбірек сатылып, орташа салмақталған тариф 13,8 теңге болды. Бұл монополияға қарсы орган мақұлдаған мөлшерден 20 пайызға көп. Нәтижесінде, «Атырау Энерго Сату» 1,2 млрд теңге көлемінде негізсіз табыс тапқан». 27 қазан 2018, 22:05 2 087 рет қаралды
Оралмандар Атырауда қалғанды жөн көреді Басқа жаңалықтар

Оралмандар Атырауда қалғанды жөн көреді

Жыл басынан бері Атырау облысында 26 494 жұмыс орны ашылған және, керісінше, 18 кәсіпорында 517 адам қысқарған. Басқа елдерден келген 129 этникалық қазаққа “оралман” мәртебесі берілді. Соның ішінде, Қытайдан келген 19 қазақ бар. Брифингте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ осы және басқа да цифрларды мәлімдеді. 27 қазан 2018, 22:31 2 113 рет қаралды
Дөңгелекті сайла Басқа жаңалықтар

Дөңгелекті сайла

Күн суыта бастағанда көлік әуесқойлары қысқы дөңгелектерге көшуі тиіс. Мұның заңнамамен қалай реттелетінін Атырау облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТАН сұраған едік. 26 қазан 2018, 17:26 3 144 рет қаралды
Өзгенің құдығына қауға салма Басқа жаңалықтар

Өзгенің құдығына қауға салма

Құрманғазы аудандық соты алаяқтық жасады деп айыпталған жергілікті шаруа қожалығының басшысына үкім шығарды. Ол «Қазагромаркетинг» АҚ Атырау филиалынан «мал шаруашылығы жайылымдарын суландыру және сумен қамту инфрақұрылымын құру» мақсатында 6,5 млн теңге алған, алайда жұмысты тиісінше атқармаған. 26 қазан 2018, 15:26 2 734 рет қаралды
Вакцинада шошқа майы жоқ Басқа жаңалықтар

Вакцинада шошқа майы жоқ

Жақында болған Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың сальмонеллезден жаппай улануына асхана қызметкерлерінің салдыр-салақтығы себеп болған. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ хабарлады. «АЖ» тілшісінің сұрақтарына жауап берген ол тұмауға қарсы вакцина құрамында шошқа майы бар деген пікірді жоққа шығарды. 26 қазан 2018, 12:30 2 810 рет қаралды
Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті Басқа жаңалықтар

Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті

Атырау әкімшілік сотында «Атырау су арнасы» КМК-нің облыстық экологиялық департаментіне қарсы талап арызы бойынша сот процесі аяқталды. «Су арнасы» бұдан бұрын өзіне салынған 191 млн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспеді. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, айыппұл сомасын 133 млн теңгеге дейін азайтты. Бірақ бұл бәрібір 2017 жылы табысы 18 млн теңге болған кәсіпорын үшін өте қомақты сома. 26 қазан 2018, 09:42 2 537 рет қаралды
Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты

24 қазанда таңертең Атырауда Авангардағы 5 қабатты үйлердің бесінші қабатынан өрт шықты. Оны көрген патрульдік полицейлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, бірнеше баланы өрттен алып шықты. Балалардың ішінде бір жасар сәби де бар. 25 қазан 2018, 15:49 2 956 рет қаралды
Асыл тұқымды сиырлар неден өлді? Басқа жаңалықтар

Асыл тұқымды сиырлар неден өлді?

Әлеуметтік желілерде голштино-фриз тұқымды бірнеше сиырдың жерде құрысып, селкілдеп жатқаны бейнеленген қысқа бейнежазба таралып жатыр. Сол сәт өңірімізде асыл тұқымды мүйізді ірі қараларға індет таралып жатыр деген қауесеттер желдей есіп кетті. Ал «АЖ» Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен мынадай комментарий алды. Бейнежазба 24 қазан 2018, 16:31 7 042 рет қаралды
Батпақта жүретін көлік пен мұржалар туралы Басқа жаңалықтар

Батпақта жүретін көлік пен мұржалар туралы

Атырау облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы Жасболат БЕРЖАНОВ брифингте келесі жылы департаменттің жол талғамайтын батпақта жүретін қуатты көлік сатып алатындығын, сол кезде теңіз жағалауындағы «Ақ жайық» резерватының қамыс қопаларында орын алатын өрттермен ойдағыдай күресуге болатынын хабарлады. 24 қазан 2018, 10:10 2 805 рет қаралды
Погонды акушерлер Басқа жаңалықтар

Погонды акушерлер

Атырау облыстық Полиция департаментінің 25 қызметкері (бұрынғы ІІД 16 қазаннан бері осылай аталады) облыстық перзентханада төтенше жағдайда әйелдерді босандырып алуды үйренді. Алдымен кәсіби акушерлер «Уәсила» мен «Фатима» деген манекендерге оны қалай жасауды үйретіп көрсетті, кейін полицейлер өздері байқап көрді. Дәрігерлердің айтуынша, олар әжептәуір орындап шыққан. Сурет 23 қазан 2018, 15:16 3 600 рет қаралды
Қиғаш қырық жыл күтті Басқа жаңалықтар

Қиғаш қырық жыл күтті

Еділ өзенінің Астрахан облысы мен Атырау облысы Құрманғазы ауданы аумағымен өтетін саласы - Қиғаш өзенінің арнасының тарылып, тайызданып бара жатқаны бірнеше жылдан айтылып жүр. Бұған жергілікті тұрғындар да қатты алаңдап отыр. Сурет Бейнежазба 23 қазан 2018, 12:21 7 538 рет қаралды
Алдымен құбыр, сосын - жер Басқа жаңалықтар

Алдымен құбыр, сосын - жер

Бүгінде Атырау облысы Құрманғазы ауданы бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер алу кезегінде 1527 адам тұр. 2002 жылдан бері тұрғындарға жер берілмеген. Жергілікті билік мұны инфрақұрылымсыз жер берілмеу заңдылығымен түсіндіреді.  Алайда жақын әзірде бұл мәселе шешімін табады деп сендірді. 23 қазан 2018, 11:54 2 359 рет қаралды
Құм құрсауындағы ауыл Басқа жаңалықтар

Құм құрсауындағы ауыл

Атырау облысы Исатай ауданындағы Нарын құмында орналасқан  Исатай станциясында 300-дей үйде 1500-ге жуық адам тұрады. Бұл елді мекеннің жылдар бойғы ең үлкен мәселесі – құм көшкінін тоқтату.  Сурет Бейнежазба 23 қазан 2018, 11:10 9 866 рет қаралды
Жаңа пәтердің төбе сылағы дастархан ортасына түсті Басқа жаңалықтар

Жаңа пәтердің төбе сылағы дастархан ортасына түсті

Өткен сенбіде Атыраудың жаңа Береке ықшамауданындағы биыл "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша алынған пәтерлердің бірінде отбасылық мереке кезінде төбе сылағы түсіп кеткен. Сылақтың бөліктері қонақтар жиналған дастарханның ортасына түсіп, абырой болғанда, тек ыдыстар сынып, ыстық шәйға қол күйдіргені болмаса, қатты зардап шеккен ешкім жоқ.  Бейнежазба 22 қазан 2018, 20:27 2 914 рет қаралды
Теңіз қамысындағы «құйын» сөндірілді Басқа жаңалықтар

Теңіз қамысындағы «құйын» сөндірілді

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 қазанда Атыраудан 30 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.  Өртенген алаң шамамен 11 гектар болған. Бұл - жұма күні қала тұрғындарының көпшілігі көрген құйынға ұқсас түтін бұлты. 22 қазан 2018, 17:45 4 306 рет қаралды
Атырауға толықтай жылу берілді және жүкті оқушылар азайды Басқа жаңалықтар

Атырауға толықтай жылу берілді және жүкті оқушылар азайды

19 қазанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII  сессиясы өтті. Күн тәртібінде - қысқа дайындық нәтижелері мен жасөспірімдерді тәрбиелеу шаралары. Балықшы мен Нұрсаяның ЖЭО-ға ойдағыдай қосылғаны туралы салтанатты мәлімдеулермен қатар, мұнайлы астананың мектеп оқушылары арасындағы жүктілік статистикасы да оптимизммен айтылды. Сурет 20 қазан 2018, 10:31 2 816 рет қаралды
Макс Боқаевтың шағымы жоқ Басқа жаңалықтар

Макс Боқаевтың шағымы жоқ

Өткен аптада Ақтөбе облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері 2016 жылы қарашада Талғат Аянмен бірге Атыраудағы “жер митингісі” туралы іс бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған азаматтық белсенді Макс Боқаевты осы жылдың тамыз айының соңында ауыстырылған орта режимдегі КА-168/2 колониясына барды. 20 қазан 2018, 16:59 2 508 рет қаралды
Зауыттағы өрт те, құйын да емес - теңіздегі қамыс өртеніп жатыр Басқа жаңалықтар

Зауыттағы өрт те, құйын да емес - теңіздегі қамыс өртеніп жатыр

Әлеуметтік желілерде АМӨЗ аумағында ірі көлемде өрт болып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Атырау облыстық ТЖД кезекшісі теңіз жағалауында қамыс өртеніп жатқанын түсіндірді. Сурет 19 қазан 2018, 20:30 5 341 рет қаралды
"Елес" студенттер, қамкөңіл жетімдер Басқа жаңалықтар

"Елес" студенттер, қамкөңіл жетімдер

Атырау облысының прокуратурасы жүргізген тексерулер барысында жергілікті 2 жоғарғы оқу орны мен 15 колледжде бюджет қаржыларын тиімсіз пайдалану, жетім студенттер мен мүгедектерге арналған әлеуметтік кепілдіктерге нұқсан келтіру орын алғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 146 млн теңге өтелді, әкімшілік жауапкершілікке 2, тәртіптік жазаға 42 білім беру қызметкері тартылды. 19 қазан 2018, 16:00 2 599 рет қаралды