«Қазгидромет» РМК қазан айында ауаның ластануы туралы есеп жариялады. Атырауда атмосфералық ауаның жоғары деңгейде ластанған 129 оқиғасы және өте жоғары деңгейде ластанған 25 оқиғасы тіркелген.
2, 3, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 25, 20 және 31 қазанда «Вест Ойл», «Химпоселок», «Пропарка» ауа сапасының мониторингі станцияларының аспаптарынан күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткені туралы 10-нан 40-қа дейін сигналдар түскен.
20 қарашада Карабатандағы № 116 «Болашақ-Запад» станциясы бір рет күкіртсутек бойынша ШРК-ның 10 есе асқанын тіркеген. Осы оқиғалардың барлығы ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитетіне хабардар етілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ