Атырау, 20 сәуір 06:06
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауға Америка елшісінің міндетін атқарушы келді

1 950 просмотра


Қазақстандағы АҚШ істерінің уақытша сенімді өкілі және АҚШ елшісі міндетін атқарушы Теодор ЛИНГ Атырауға ресми  сапармен келді. Естеріңізге салсақ, АҚШ елшілігі жаңа тұрақты Төтенше және Өкілетті Елшінің тағайындалуын күтіп отыр. Бұл орынға Уильям МОЗЕР ұсынылды, бірақ оның кандидатурасын АҚШ конгресі мақұлдауы керек.

Алдыңғы елші Джордж КРОЛ дипломатиялық миссиясын аяқтап, қыркүйек айында Қазақстаннан кеткен еді. Жаңа елшіге АҚШ-Қазақстан қатынастары тарихындағы ең көрнекті дипломаттардың бірінің қалдырған мұрасымен бәсекелесуге тура келеді. Крол бұқаралық және танымал медиа-фигураға айналып үлгерген еді: Қазақстанда қызмет атқарған кезінде ол қазақ тілін жақсы меңгеріп алды, мұны қазақстандықтарды ұлттық және халықтық мерекелерімен құттықтаған кезінде ықыласпен көрсететін. Оның тапсырмасымен Астанадағы елшіліктің ауласына киіз үй тігілді, ол, тіпті, қаражорға биін де биледі.

Тағайындау рәсімі өте ұзақ уақытқа созылуы мүмкін болғандықтан,   елшінің міндетін атқарушы ретінде Т.Линг штаттық режимде елшілік жұмысын жалғастыруда. 19-20 қарашадағы сапар аясында ол жергілікті атқарушы биліктің және шетелдік қатысы бар өндіруші және сервистік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл кездесулер жабық форматта өтті.

Бұдан басқа, Линг өзінің English Space тіл клубының бір бөлмесін ұсынып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің (бұрын ол Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада орналасты) негізінде Американдық бұрыштың ашылу салтанатына қатысты.

Американдық бұрыштардың форматы - елшіліктің қолдауымен жұмыс істейтін білім беру орталықтарын білдіреді. Олар бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 11 қаласында жұмыс істейді. Бұл - қазақстандықтар үшін американдық білім алу мүмкіндіктері, американдық әдебиет туралы кеңестер алуға болатын тегін алаңдар; бұл жерде ағылшын тілін үйренуге арналған материалдар, әртүрлі деректердің зерттеу дерекқоры қолжетімді, ағылшын тілінде сөйлейтіндермен ауызекі ағылшын тілі клубы, киноклуб және әуесқой театры бар, қойылымдар және басқа да іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Үйлестірушілердің айтуынша, аудитория әр түрлі - жасөспірімдерден бастап ересектер де бар, орташа алғанда бұл жерге айына мыңға жуық адам келеді.

Әлеуметтік желілердегі american corner аккаунттарынан нақты ақпарат алуға болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 қараша 2018, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.