Атырау, 4 тамыз 10:55
 дождьВ Атырау +22.6
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

«Себепсіз суицид болмайды» Басқа жаңалықтар

«Себепсіз суицид болмайды»

Атырау облысы Құлсары қаласында соңғы екі жылда өзі-өзіне қол жұмсау фактілері көбейген. Ресми ақпараттарға сәйкес, өткен жылы 13 адам (8 ер және 5 әйел адам, көпшілігі 25-35 жаста) өз еркімен өмірден қоштасса, жыл басынан бері осындай 16 оқиға тіркелген (13 ер және 3 әйел адам, 15-17 жастағы 4 жасөспірім).  «АЖ» тілшісі осы жайттың себептерін іздеп көрді. 14 қараша 2018, 10:12 4 336 рет қаралды
Мұғалімдер латын әліпбиімен диктант жазады, оқушыларға - қысқа күн Басқа жаңалықтар

Мұғалімдер латын әліпбиімен диктант жазады, оқушыларға - қысқа күн

14 қарашада сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін Қазақстанның барлық мектептерінде мұғалімдер латын әліпбиі бойынша диктант жазады. Атырау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бердібек ТАИШЕВТІҢ айтуынша, «Рухани жаңғыру» деп аталатын диктант мәтінінде шамамен 90 сөз бар. Ол emle.kz және tilalemi.kz сайттарында аудижазбалармен беріледі. Әрбір ниет білдіруші Мұғалімдермен бірге өз күшін сынап көре алады. 14 қараша 2018, 09:28 2 407 рет қаралды
Бендердің не қатысы бар дейсіз бе? Басқа жаңалықтар

Бендердің не қатысы бар дейсіз бе?

Атыраудағы Самал ықшамауданының тұрғындары «АЖ»-ға хабарласып, бұл жердегі кейбір көшелерде жаяу жүргінші жолдарының жоқтығын, ал бар жолдардың барынан жоғы жақсы екенін қынжыла жеткізді. Шынымен де, сырт қарағаннан-ақ асфальт пен жиектастың сапасы нашар екені көзге ұрып тұр. Сондықтан да шығар, жаяужолдың көп жерлері бұзылып қалған. Бұл көріністер балалық шақтан естелік - кеңестік әдеби классикадағы атмосфераны еске түсірді. Сурет 13 қараша 2018, 16:35 3 191 рет қаралды
Атырауда екі көпірге күрделі жөндеу жүргізілмек Басқа жаңалықтар

Атырауда екі көпірге күрделі жөндеу жүргізілмек

Мұнайлы астананың автоәуесқойлары орталық және Балықшы көпірлері бұрынғыдай тегіс емес екендігін айтады. Жол жабындары ескіре бастаған. «АЖ» осыған қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарласқан еді. Сөйтсек, осы екі көпір бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр екен. Бірақ бұл да қаржыға келіп тіреледі. 13 қараша 2018, 14:54 3 256 рет қаралды
Ауыл сыртындағы күл-қоқыс моласы Басқа жаңалықтар

Ауыл сыртындағы күл-қоқыс моласы

Мақат ауданы Доссор кентінде көше тазалығы пен кәріз суларын шығару үлкен проблемаға айналған. Тазалыққа жауапты «Тазалық-Көгал» ЖШС жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды.  Мәселеге алаңдаған бір топ тұрғын «АЖ» тілшісіне хабарласты. Тұрмыстық қалдықтар салынған жәшіктер үнемі толып тұрса,  пайдаланылған кәріз суы ауыл сыртындағы қоршалмаған карьерге төгіліп жатыр. Бейнежазба 13 қараша 2018, 14:12 5 127 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» экс-директорының ісі: Зардап шегуші қала ма, басқа ма? Басқа жаңалықтар

«Арнаулы автобаза» экс-директорының ісі: Зардап шегуші қала ма, басқа ма?

№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталған «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің бұрынғы директоры Самат ТҰРНИЯЗОВҚА, оның орынбасары Асқар ҚАЛДЫБАЕВҚА, «Sanjar Flowers» ЖШС директоры Ербол ҚУАНЫШҚА (Тұрниязовтың ұлы) және Артур СҰЛТАНОВҚА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Тұрниязов сондай-ақ, 361-бап (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 369-бап (Қызметтiк жалғандық жасау) бойынша да айыпталуда. 12 қараша 2018, 18:02 8 755 рет қаралды
Түп-тереңіне дейін бойлап... Басқа жаңалықтар

Түп-тереңіне дейін бойлап...

Атырауда «Атырау облысының шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің суын молайту және олардың гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау «дөңгелек үстел» түрінде өтті. Оған облыстық әкімдіктің, мердігер - «Павлодар өзен порты» АҚ-ның  өкілдері және жергілікті қоғамдық белсенділер қатысты. Мұнда қазіргі кезде Қиғаш өзенінің Ганюшкин (100 км) және Жаркосин (26,7 км) каналдарында және Жайықтың Яицкий каналында (45,471 км) жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстары талқыланды. Бейнежазба 12 қараша 2018, 17:19 3 277 рет қаралды
Атырау әуежайы ісі халықаралық трибуналда қаралды Басқа жаңалықтар

Атырау әуежайы ісі халықаралық трибуналда қаралды

8 қарашада Париждегі Халықаралық сауда палатасы жанындағы Арбиртаждық трибунал «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы барлық талап арыздарын қабылдамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз хабарламасында мәлім етілген. 2015 жылғы наурызда арбитраждық процесстің басталуына түрік фирмасымен бірге «АТМА – Атырау әуежайы және Тасымалдау» АҚ-тың құрылтайшысы - «Атырау» ӘКК» АҚ бастамашы болған. 12 қараша 2018, 15:17 3 770 рет қаралды
Екі дос жасөспірім қызды өлімнен алып қалды Басқа жаңалықтар

Екі дос жасөспірім қызды өлімнен алып қалды

8  қарашада екі дос – 20 жастағы Жалғас ИБРАЙЫМ мен Ринат НҰРҒАЛИЕВ, әдеттегідей, Жайық өзенінің Баймұханов-Мечников көпірі тұсында балық аулап, кешкі сағат алтыға таман кетуге қам жасап жатқан. Кенет көпір жақтауынан өтіп, бір қолымен ұстап тұрған жасөспірім қызды көреді. 12 қараша 2018, 12:26 4 429 рет қаралды
"Дәрменсіздік - мінез-құлқыма жат нәрсе" Басқа жаңалықтар

"Дәрменсіздік - мінез-құлқыма жат нәрсе"

Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданында мүгедектерге арналған спорттық оңалту орталығы ашылды. Бұған ірі мұнай компаниясының біріндегі әлеуметтік жобалар байқауында жеңіске жетіп, 5 жыл мерзімге пайызсыз несие ретінде бір жарым миллион теңге алған 26 жастағы Ильяс ҮСЕНОВ себеп болды. 10 қараша 2018, 23:30 2 999 рет қаралды
«Кішкентай елге» арналған үлкен бал Басқа жаңалықтар

«Кішкентай елге» арналған үлкен бал

7 қарашада Атыраудағы «Салтанат сарайында» «Grand ball» қайырымдылық кеші өтті. Би кешінен түскен 2 миллионға жуық қаржы толығымен өңірдегі аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтумен айналысып жүрген «Атырау Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігіне аударылатын болды. Сурет Бейнежазба 9 қараша 2018, 15:59 4 430 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

Қызылқоға аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы (Атыс қаруын заңсыз сақтау) бойынша үкім шығарды. Сотта анықталғандай, Қызылқоға АІІБ қызметкерлері Б.С. үйінен Sauer маркалы тіркелмеген аңшы қаруын тауып алған. Б.С.-ның айтуынша, ол әкесінің қаруы екен, ол қайтыс болғаннан кейін қаруды тапсыру немесе қайта тіркету керектігін білмеген. Сотталушыға 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды, қару жойылуы тиіс. 9 қараша 2018, 10:46 2 744 рет қаралды
​«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры: су тарифі бірнеше есе көтерілуі мүмкін Басқа жаңалықтар

​«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры: су тарифі бірнеше есе көтерілуі мүмкін

7 қарашада «Магистралды су таратқыш» ЖШС кеңсесінде осы кәсіпорынның өтінімі бойынша сумен жабдықтау тарифін бекіту туралы қоғамдық тыңдау өтті. «Магистралды су таратқыш» ЖШС 2017 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» мұнай құбыры компаниясының (ҚТО) Батыс филиалы құрамынан бөлініп құрылған. Өткен жаздың басында ҚТО-мен сатып алу-сату туралы шарт жасасқаннан кейін «Магистралды су таратқыш» ЖШС Астрахан-Маңғышлақ су таратқышының толық құқықты қожайынына айналды. Ал қазан айында Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қолданыстағы тарифтерден түбегейлі ерекшеленетін тарифтерді бекіту туралы өтінім берді. Комитет өтінімді қарау құқығын Атырау облысындағы өз департаментіне жолдады. 8 қараша 2018, 16:42 3 327 рет қаралды
Бұрқақтар, саябақ және басқа да жобалар Басқа жаңалықтар

Бұрқақтар, саябақ және басқа да жобалар

Атырауда жоспарланған кең ауқымды құрылыс жобалары өте көп, бірақ олардың барлығы бірдей уәде етілген мерзімде жүзеге асырылмайды. Ал кейбіреулер жай ғана «ілініп тұрады». «AЖ» олардың жүзеге асырылу кезеңдерін бақылауды ұйғарған еді. Сурет 7 қараша 2018, 15:23 4 665 рет қаралды
Әкім де араласты. Жұтқанымыз бір ауа Басқа жаңалықтар

Әкім де араласты. Жұтқанымыз бір ауа

Жақында қысқа дайындыққа арналып өткен мәжілістердің бірінде Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ мұнайлы астанадағы атмосфераның ластануы туралы қатты сын айтты. Бұл түсінікті де, өйткені лауазымға қарамастан, бәріміз де адам баласымыз, бір жердің ауасын жұтып отырмыз. 7 қараша 2018, 10:40 3 902 рет қаралды
Қамыскөлді әлі де құтқаруға болады Басқа жаңалықтар

Қамыскөлді әлі де құтқаруға болады

Соңғы жылдары Атырау облысы Құлсары қаласы маңындағы Қамыскөл тартылып бара жатыр. Мамандар көлге құятын Құрсай өзенін тереңдету арқылы суды молайтуға болады деп көптен айтып жүр.  Биыл осы Құрсайдың 30 шақырымын тазарту, тереңдете қазу, қалаға бөлегі тұсын абаттандыру жайы қолға  алынды. 7 қараша 2018, 09:56 5 305 рет қаралды
Аула тарылып барады Басқа жаңалықтар

Аула тарылып барады

Қала маңындағы Талғайраң ауылының жанында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын 80 пәтерлік 60 үйді салу жұмыстары басталды. Бұл туралы брифингте Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан ХАЛМУРЗИН хабарлады. 7 қараша 2018, 09:53 3 152 рет қаралды
Оңтайланған балабақша Басқа жаңалықтар

Оңтайланған балабақша

Қызылқоға ауданы Миялы ауылының  «Мөлтек» ықшамауданында 2012 жылы ашылған 30 орындық «Балдәурен» бөбекжай балабақшасы жабылған. Алайда, бұл ауданда  үй салушылар көбейіп, тұрғындар саны артып жатыр екен. 6 қараша 2018, 11:42 3 978 рет қаралды
«О дүниеден оралу»: Әділет министрлігі арнайы комиссия құрды Басқа жаңалықтар

«О дүниеден оралу»: Әділет министрлігі арнайы комиссия құрды

Ағайындары өлді деп жерлегеннен кейін үйіне оралған Атырау тұрғыны Айғали СҰПЫҒАЛИЕВ туралы «АЖ» жарияланымынан кейін ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы арнайы комиссия құрды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 6 қараша 2018, 10:41 3 338 рет қаралды