Атырау, 25 қараша 14:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Егде әйел өртенген үйден шыға алмады

1 843 просмотра


24 қараша күні түстен кейін  Құрманғазы ауданының орталығы Құрманғазы ауылында үй өртеніп, адам шығыны болды.

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВТЫҢ айтуынша, Жангелдин көшесіндегі №2 үй өртенген. Үйде тек 73 жастағы әйел адам болған, келіні мен немересі дүкенге кетіп, баласы вахталық  жұмыста екен. 120 шаршы метр үй түгелімен жанып кеткен. Өрт сөндірушілер үйден егде әйелдің мүрдесін тапқан.

Өрттің неден шыққаны белгісіз, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

26 қараша 2018, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.