Атырау, 25 қараша 14:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Энергия сатушылар төмен тарифпен келіспейді

1 775 просмотра


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Табиғи монополияларды реттеу департаменті 20 қарашадан бастап «Атырау Энерго Сату» ЖШС-нің тұрғындар үшін электр энергиясының төмендетілген жаңа тарифтерін енгізді. Баспасөз туры барысында ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВ бұл шешіммен келіспейтіндігін жасырмаған еді.

Енді міне, «Атырау Энерго Сату» монополияға қарсы қызметтің әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді. «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес, жаңа тарифтің қолданылуы сот шешіміне дейін тоқтатыла тұрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қараша 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.