Атырау, 25 қараша 15:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құм карьерлерінің ұрылары

Сурет
2 952 просмотра


Бұдан он жыл бұрын аудан орталығы Құлсары қаласынан екі шақырым жерден белгісіз біреулер заңсыз топырақ алып, үлкен карьер жасаған. Осы жерден әлі күнге дейін «жасырын» топырақ алады екен. Жергілікті билік бұл «Құлсары - Теңіз» су құбырын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің ісі екенін анықтап, қолдарынан келгенше күресіп келеді.   

- Жазда жерді заңсыз қазу фактісі анықталды. Бізде оған байланысты айғақ болар фотолар мен видеолар бар. Біз бұларды құзіретті органдарға жібердік. Қазір сәл тынышталды, алайда жазықтыларға қатысты тиісті шараларын алу керек қой. Себебі, мұндай жайды басқалар қайталамасына кім кепіл, - дейді Қосшағыл округінің әкімі Саян БАДЕЛОВ.

- Ауданда жерді қадағалау жөнінде комиссия құрылған еді. Биыл заңсыз карьер қазудың үш фактісі анықталып, материалды құқыққорғау органына іс қозғау үшін жіберілді, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жантөре РАШОВ.

 - Қаланың сырт бөлігінде бұдан бірнеше жыл бұрын қазылған жерлер сол күйі жатыр. Оған тұрғындар тұрмыс қалдықтарын төгіп жүр. Бұған не істейсіздер?

- Біз Құрсай өзегін тереңдете қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге өзен түбінен алған топырақты сол орындарға төгу жөнінде өтініш білдірдік. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

21 қараша 2018, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.