Атырау, 19 желтоқсан 18:10
Түнде бұлыңғыр болады-3, таңертең -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 371.31  € 419.32  P 5.59

Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің?

27 қараша 16:55


«АЖ» тілшісі Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының ұлттық үйлестірушісі Альберт СӘЛІМГЕРЕЕВКЕ бірнеше сұрақ қойып, қазақ даласының жоғалып бара жатқан байлығы - киіктер туралы сөз қозғады. Алайда, Сәлімгереев оң үрдістерді де атап өтті.

- Атырау облысындағы киіктер популяциясы қандай?

- Атырау облысының аумағына қазақстандық сансыз популяция – Орал ақбөкендері кіреді. Әдеттегіше көктен мониторинг жасаудан бөлек, 2011 жылдан бастап спутниктік байланыс чиптері бар қарғыбаулар қолданамыз. Телеметрия мәліметтері киіктер үйірінің Атырау облысының аумағына кіретінін, бірақ алысқа кетпейтінін көрсетіп отыр. Негізінен оларды Исатай мен Құрманғазы аудандарындағы құмдар қызықтырады. Өрістеу аймағының кеңеюі 2011 жылғы жаппай қырылудан кейін Орал популяциясының қайтадан көбейіп келе жатқанын дәлелдеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға көбейген, бұл қуантарлық жайт.

Атырау облысында киіктердің негізінен жергілікті, «отырықшы» топтары азғана мөлшерде мекен етеді. Олар ешқайда өрістемейді, Исатай ауданының аумағында қорықшылардың қорғауындағы облыстық «ауған» жауынгерлері қоғамының аңшылық аймағында мекендейді. Мен екі жыл бұрын Атырауда болғанмын, қорықшылармен сөйлестім - олар үйірдің көбейіп келе жатқанын айтады.

- Браконьерлермен күресу үшін не жасалып жатыр?

- Біз қоғамдық ұйымбыз, браконьерлерді ұстауға құқығымыз жоқ. Негізінен мониторинг деректерін ұсынамыз, тұрғындармен насихаттау жұмыстарын жүргіземіз. Үстіртте мемлекеттік инспекторлармен бірге ай сайын рейд жүргізетін тәуелсіз инспекторлар тобын құрдық. Бұл жобаны шетелдік қорлар қаржыландырады.

- Бүгінгі күні популяция бойынша киіктер саны қанша?

- Орал киігі - 135 мың бас, Батпақдала  киігі (Қарағанды және Жамбыл облыстары) - 76 мың, Үстірт киігі (Ақтөбе облысы) - 4 мыңға жуық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

624 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет