Атырау, 25 қараша 12:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әріптесті еске алу

7 536 просмотра


Қазақстанның құрметті журналисі, қазақ журналистикасының ардагері Әлібек ҚАЙЫРОВ дүниеден озды.

Қайыров Әлібек Жұмағалиұлы 1947 жылы 25 қазанда Атырау облысы Исатай ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1971 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Журналистика саласындағы алғашқы еңбек жолын Гурьев облыстық телерадио комитетінің редакторы, облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің тілшісі жұмыстарынан бастаған. Кейіннен Қазақ телеарнасының, республикалық «Халық кеңесі» газетінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі болды. 2000-жылдары «Болат арна» газетінің бас редакторы, Атырау облыстық теміржол басқармасының баспасөз хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.  Білікті журналист еңбек еткен жерінің барлығында да өзін нағыз кәсіби маман ретінде көрсете білді.

2012 жылы құрметті зейнеткерлікке шықса да, аудармашылықпен айналысып, эссе жазды, ҚР Журналистер одағы Атырау филиалының жұмысына белсенді араласты. Оның мірдің оғындай өткір сөздері, өзіне тән орынды әзілдері журналистік қауым жиылыстарын қызу да қызықты өткізуге себін тигізетін.    

Осынау қаралы күнде редакциямыз атынан отбасына, туған-туысқандарына, орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

«Ақ Жайық» газетінің журналистері

29 қараша 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған